User Manual

Қосымша
99
Сенсорлық экран баяу немесе дұрыс емес жауап береді
•
Егер сенсорлық экранға экран қорғанысын немесе қосымша қосалқы құралдарды
тіркесеңіз, сенсорлық экран дұрыс істемеуі мүмкін.
•
Егер қолғап кисеңіз, сенсорлық экранды ұстаған кезде қолыңыз таза болмаса немесе
егер экранды үшкір затпен немесе тырнағыңыздың ұшымен түртсеңіз, сенсорлық экран
дұрыс істемеуі мүмкін.
•
Сенсорлық экран ылғалды жерлерде немесе су тигенде дұрыс істемей қалуы мүмкін.
•
Барлық уақытша бағдарлама қетелерін жою үшін құрылғыны қайта іске қосыңыз.
•
Құрылғының бағдарламалық жасақтамасы соңғы нұсқаға дейін жаңартылғанына көз
жеткізіңіз.
•
Сенсорлық экран сызылса немесе зақымданса, Samsung қызмет көрсету орталығына
алып барыңыз.
Құрылғыңыз қатып қала береді немесе түзелмейтін қате
туындайды
Келесі шешімдерді қолданып көріңіз. Егер ақаулық бәрібір шешілмесе, Samsung қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыны қайта іске қосу
Егер құрылғыңыз тұрып қалса, қолданбаларды жабу немесе құрылғыны өшіріп, қосу қажет
болуы мүмкін.
Мәжбүрлі түрде қайта іске қосу
Құрылғы тұрып қалса және жауап бермей жатса, қайта іске қосу үшін қуат пернесін және
дыбыс деңгейін төмендету пернесін бір уақытта 7 секундтан көбірек басып тұрыңыз.
Құрылғыны ысыру
Егер жоғарыда келтірілген тәсілдер мәселені шешпесе, зауыттық деректерді қалпына
келтіруді орындаңыз.
Қолданбалар экранында
Қон-лар
Сақтық көшірме және қалпына келтіру
Зауыттық деректер қалпына келтірілген
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ
БӘРІН ЖОЮ
тармағын түртіңіз. Зауыттық деректер ысыруын орындамас бұрын құрылғыда
сақталған барлық маңызды деректердің сақтық көшірмелерін жасауды ұмытпаңыз.