User Manual

Қон-лар
97
Күні және уақыты
Құрылғының уақыт пен күнді көрсету жолын басқару үшін келесі параметрлерге қол жеткізіп,
өзгертіңіз.
Параметрлер экранында
Күні және уақыты
опциясын түртіңіз.
Батарея толығымен таусылған немесе құрылғыдан алып тасталған күйде қалса, уақыт
пен күн алып тасталады.
•
Автоматты күн мен уақыт
: уақыт белдеулері арқылы өткенде, уақыт пен күнді
автоматты түрде орнату. Осы мүмкіндік өшірулі болған кезде, күнді, уақытты және сағат
белдеуін қолмен белгілеуге болады.
•
24 сағаттық пішімді пайдалану
: уақытты 24 сағаттық пішімде көрсету.
Пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғыны және қолданбаларды пайдалану немесе маңызды параметрлерді реттеу туралы
мәліметтер алу үшін анықтама ақпаратын көріңіз.
Параметрлер экранында
Пайдаланушы нұсқаулығы
опциясын түртіңіз.
Құрылғы туралы
Құрылғы ақпаратына кіру, құрылғы атауын өңдеу немесе құрылғының бағдарламалық
құралын жаңарту.
Параметрлер экранында
Құрылғы туралы
опциясын түртіңіз.