User Manual
Қон-лар
90
Тақырыптар
Бастапқы экранның, құлыпталған экранның және белгішелердің көрнекі элементтерін
өзгерту үшін құрылғыға әр түрлі тақырыптарды қолданыңыз.
Параметрлер экранында
Тақырыптар
опциясын түртіңіз.
Қосымша тақырыптарды жүктеу үшін
ТАҒЫ ТАҚЫРЫПТАР
опциясын түртіңіз.
Құл-у экр-ы ж/е қауіпсіз-к
Құрылғыны және SIM немесе USIM картасын қорғау параметрлерін өзгертіңіз.
Параметрлер экранында
Құл-у экр-ы ж/е қауіпсіз-к
опциясын түртіңіз.
Таңдалған экранды құлыптау әдісіне байланысты қол жетімді опциялар әр түрлі
болуы мүмкін.
•
Экран құлыптау түрі
: экранды құлыптау әдісін өзгерту.
•
Ақпарат және қолданба жедел пернелері
: құлыпталған экранда көрсетілетін
элементтердің параметрлерін өзгерту.
•
Құлыптау экранындағы хабрландырулар
: бұғатталған экранда хабарламалардың
ішіндегісін көрсетуді орнату және көрсету үшін хабарламаларды таңдау.
•
Ұялы телефонымды табу
: «Мобильді құрылғымды табу» мүмкіндігін белсендіру немесе
өшіру. Жоғалған немесе ұрланған құрылғыны бақылау және басқару үшін «Мобильді
құрылғымды табу» веб-сайтына (findmymobile.samsung.com) кіруге болады.
•
Белгісіз көздер
: құрылғыны белгісіз көздерден қолданбаларды орнатуға рұқсат етуге
реттеу.
•
Құрылғыны шифрлау
: егер құрылғыңыз жоғалған немесе ұрланған болса,
құрылғыңыздың деректеріне бөгделердің қол жеткізуіне жол бермеу үшін, оларды
шифрлау. Шифрланған құрылғыны пайдалану үшін, құрылғыны қосып жатқан кезде,
оның деректерін әрбір рет шифрсыздандыру керек. Құрылғының деректерін автоматты
түрде шифрсыздандырылады ма немесе құлыпты ашу коды керек болады ма екенін
күйлеуге болады. Сақтық көшірмені жасау немесе шифрланған деректерді қалпына
келтіру мүмкін емес. Егер қатарда құлыптан босату коды бірнеше рет дұрыс енгізілмесе
және талпыныс шегіне жетсе, құрылғы зауыттық деректерді қайта орнатады.










