User Manual
Қон-лар
82
Ұялы байланыс желілері
Мобильді желі параметрлерін конфигурациялаңыз.
Параметрлер экранында
Ұялы байланыс желілері
опциясын түртіңіз.
•
Деректер роумингі
: құрылғыны роуминг кезінде деректер қосылымдарын пайдалану
үшін реттеу.
•
Желі режимі SIM 1
/
Желі режимі SIM 2
: желі түрін таңдаңыз.
•
Қатынас нүктелерінің атаулары
: қатынас нүктелерінің атауларын (APN) орнатыңыз.
•
Желі операторлары
: қолжетімді желілерді іздеңіз және желіні қолмен тіркеңіз.
NFC және төлем
Кіріспе
Құрылғы өнімдер туралы ақпаратты қамтитын жақын өрісті байланыс (NFC) тегтерін
оқуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл мүмкіндікті қажет қолданбаларды жүктегеннен
кейін тасымалдау немесе оқиғалар үшін төлемдер жасау және билеттер сатып алу үшін
пайдалануға болады.
Құрылғыда бекітілген NFC антеннасы бар. NFC антеннасын зақымдап алмау үшін
құрылғыны мұқият қолданыңыз.
NFC мүмкіндігін пайдалану
Басқа құрылғыларға суреттер немесе контактілер жіберу және NFC чиптерінен өнім
мәліметтерін оқу үшін NFC мүмкіндігін пайдаланыңыз.










