User Manual

Қон-лар
77
3
Бөлісу
Wi-Fi Direct
тармағын түртіңіз, содан кейін кескін тасымалданатын құрылғыны
таңдаңыз.
4
Екінші құрылғыдағы Wi-Fi Direct арқылы қосылуды сұрауды қабылдаңыз.
Егер құрылғылар әлдеқашан қосылған болса, кескін қосылуды сұрау процедурасынсыз
екінші құрылғыға жіберіледі.
Құрылғы қосылымын аяқтау
1
Параметрлер экранында
Wi-Fi
тармағын түртіңіз.
2
Wi-Fi Direct
тармағын түртіңіз.
Құрылғы тізімдегі қосылған құрылғыларды көрсетеді.
3
Құрылғыларды ажырату үшін құрылғы атауын түртіңіз.
Bluetooth
Кіріспе
Bluetooth функциясын басқа Bluetooth қолдайтын құрылғылармен деректер немесе
мультимедиалық файлдар алмасу үшін пайдаланыңыз.
•
Samsung корпорациясы Bluetooth арқылы жіберілген немесе алынған деректердің
жоғалуына, ұрлануына немесе дұрыс пайдаланылмауына жауапты емес.
•
Деректерді әрдайым сенімді әрі дұрыс қорғалған құрылғылармен
ортақтасқаныңызға және алғаныңызға көз жеткізіңіз. Егер құрылғылар арасында
кедергілер болса, олардың пайдалану қашықтығы қысқаруы мүмкін.
•
Кейбір құрылғылар, әсіресе Bluetooth SIG сынақтан өткізбеген немесе бекітпеген
құрылғылар құрылғыңызбен үйлесімді болмауы мүмкін.
•
Bluetooth мүмкіндігін заңсыз мақсаттарға (мысалы, ұрлап көшіру немесе
байланыстарға коммерциялық мақсаттармен заңсыз қол сұғу) пайдаланбаңыз.
Samsung компаниясы Bluetooth мүмкіндігін заңсыз пайдаланудан болған
зардаптар үшін жауап бермейді.