User Manual
Қон-лар
76
3
ҚОСУ
опциясын түртіңіз.
•
Wi-Fi желісіне қосылғаннан кейін құрылғы қол жетімді болған сайын сол желіге
құпия сөзді талап етпей қосылады. Құрылғының желіге автоматты түрде қосылуын
болдырмау үшін желілер тізімінен оны таңдап,
ҰМЫТУ
опциясын түртіңіз.
•
Егер Wi-Fi желісіне дұрыс қосылу мүмкін болмай жатса, құрылғыңыздағы Wi-Fi
мүмкіндігін немесе сымсыз маршрутизаторды қайта іске қосыңыз.
Wi-Fi Direct
Wi-Fi Direct құрылғыларды тікелей Wi-Fi желісі арқылы, кіру нүктесінің қажеттілігінсіз қосады.
1
Параметрлер экранында
Wi-Fi
тармағын түртіп, белсендіру үшін қосқышты түртіңіз.
2
Wi-Fi Direct
тармағын түртіңіз.
Анықталған құрылғылар көрсетіледі.
Егер қосылғыңыз келетін құрылғы тізімде жоқ болса, құрылғыдан Wi-Fi Direct мүмкіндігін
қосуын сұраңыз.
3
Қосылатын құрылғыны таңдаңыз.
Құрылғылар екінші құрылғы Wi-Fi Direct қосылымдарын сұрауды қабылдағанда
қосылады.
Деректерді жіберу және алу
Контактілер немесе мультимедиа файлдары сияқты деректерді басқа құрылғылармен
бөлісуге болады. Мына әрекеттер суретті басқа құрылғыға жіберудің үлгісі болып табылады.
1
Қолданбалар экранында
Галерея
қолданбасын түртіңіз.
2
Суретті таңдаңыз.










