User Manual
Қолданбалар
73
Радио станцияларды қарап шығу
Қолданбалар экранында
Радио
қолданбасын түртіңіз.
ҚАРАП ШЫҒУ
тармағын түртіңіз де, қарап шығу опциясын таңдаңыз. FM радиосы қол
жетімді стансалардың барлығын автоматты түрде қарап шығып сақтайды.
Станциялар тізімінен қажетті радио станцияны таңдаңыз.
Google қолданбалары
Google ойын-сауық, әлеуметтік желі және бизнес қолданбаларын қамтамасыз етеді. Кейбір
қолданбаларға қол жеткізу үшін Google тіркелгісі қажет болуы мүмкін. Қосымша ақпаратты
Есептік жазбалар бөлімінен қараңыз.
Қолданба туралы қосымша ақпаратты көру үшін әр қолданбаның анықтама мәзіріне кіріңіз.
Бұл қолданбалар аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты қол жетімді
болмауы немесе басқаша аталуы мүмкін.
Chrome
Ақпаратты іздеңіз және веб-беттерді шолыңыз.
Gmail
Google Mail қызметі арқылы электрондық хабарлар жіберіңіз немесе алыңыз.
Карталар
Картада орныңызды табыңыз, орындарды іздеңіз және әр түрлі орындар үшін орын туралы
ақпаратты көріңіз.
Play Music
Құрылғыңызда музыканы табыңыз, тыңдаңыз және бөлісіңіз.










