User Manual
Қолданбалар
61
Жылдам оңтайландыру мүмкіндігін пайдалану
Қолданбалар экранында
Смарт Менеджер
→
БАРЛЫҒЫН ТАЗАЛАУ
тармағын түртіңіз.
Жылдам оңтайландыру мүмкіндігі келесі әрекеттер арқылы құрылғы өнімділігін жақсартады.
•
Батарея қуатын артық пайдаланатын қолданбаларды анқытау және біраз жадты тазалау.
•
Қажет емес файлдарды жою және фонда жұмыс істеп жатқан қолданбаларды жабу.
•
Зиянды бағдарламаны анықтау үшін сканерлеу.
Құрылғының өнімділігін басқару
Қолданбалар экранында
Смарт Менеджер
опциясын түртіңіз және сөйтіп мүмкіндікті
таңдаңыз.
Батарея
Құрылғыны пайдалану үшін қалған батарея қуатын және уақытты тексеріңіз. Батарея
деңгейлері төмен құрылғылар үшін қуатты үнемдеу мүмкіндіктерін белсендіру және батарея
қуатының артық мөлшерін пайдаланып жатқан қолданбаларды жабу арқылы батарея қуатын
үнемдеңіз.
Қалған пайдалану уақыты батарея қуаты таусылуына дейін қалған уақытты көрсетеді.
Қалған пайдалану уақыты құрылғы параметрлеріне және жұмыс жағдайларына
байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Сақтау орны
Пайдаланылған жәнеқ ол жетімді жадтағы бос орынды тексеріңіз. Пайдаланылмаған және
қалған файлдарды жоюға немесе енді пайдаланбайтын қолданбаларды жоюға болады.
Оперативті жад
Қол жетімді ЖЖҚ мөлшерін тексеріңіз. Құрылғыны тездету үшін фондық қолданбаларды
жабуға және пайдаланып жатқан ЖЖҚ мөлшерін азайтуға болады.
Құрылғы қауіпсіздігі
Құрылғының қауіпсіздік күйін тексеріңіз. Бұл функция, зиянды бағдарламаны анықтау үшін
құрылғыңызды сканерлейді.










