User Manual
Қолданбалар
55
Кең селфи
Фотосуретке көбірек адамдарды қосу және адамдарды қалдырып кетпеу үшін кең өзіндік
портретті түсіріңіз.
1
Өзіндік портреттер үшін алдыңғы камераға ауысу үшін алдын ала қарау экранында
опциясын түртіңіз.
2
РЕЖИМ
→
Кең селфи
тармағын түртіңіз.
3
Алдыңғы камера объективіне қараңыз.
4
Құрылғы бетіңізді анықтағанда өз фотосуретіңізді түсіру үшін экранды түртіңіз.
Алақанды пайдаланып фотосурет түсіру үшін
опциясын түртіңіз және белсендіру
үшін
Қимылды басқару
қосқышын түртіңіз. Алақанды алдыңғы камераға көрсетіңіз.
Алақанды танығаннан кейін құрылғы бірнеше секундтан кейін фотосурет түсіреді.
5
Кең өзіндік портретті түсіру үшін құрылғыны баяу солға, содан кейін оңға немесе
керісінше бұрыңыз.
Құрылғы ақ жақтау көріністапқыш терезесінің әр соңына жылжығанда қосымша
фотосуреттер түсіреді.
•
Ақ жақтауды көріністапқыш терезесінің ішінде ұстаңыз.
•
Кең өзіндік портреттер түсіргенде нысандар қозғалыссыз болуы керек.
•
Суретке түсіру жағдайларына байланысты алдын ала қарау экранында көрсетілетін
кескіннің жоғарғы және төменгі бөліктері кесілуі мүмкін.










