User Manual
Негіздер
33
1
Компьютерде Smart Switch қолданбасын жүктеу үшін www.samsung.com/smartswitch
бетіне кіріңіз.
2
Компьютерде Smart Switch қолданбасын іске қосыңыз.
Егер алдыңғы құрылғы Samsung құрылғысы болмаса, құрылғы өндірушісі қамтамасыз
еткен бағдарламаны пайдаланып деректердің сақтық көшірмесін компьютерде
жасаңыз. Содан кейін, бесінші қадамға өтіңіз.
3
Алдыңғы құрылғыны компьютерге USB кабелі арқылы жалғаңыз.
4
Компьютерде құрылғыдағы деректердің сақтық көшірмесін жасау үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз. Содан кейін алдыңғы құрылғыны компьютерден ажыратыңыз.
5
Жаңа құрылғыны компьютерге USB кабелі арқылы жалғаңыз.
6
Компьютерде деректерді жаңа құрылғыға тасымалдау үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Құрылғыны және деректерді басқару
Құрылғыны деректерді тасымалдау үшін алынбалы диск
ретінде пайдалану
Дыбыс, бейне, сурет немесе басқа файл түрлерін құрылғыдан компьютерге немесе керісінше
жылжытыңыз.
Файлдарды тасымалдау кезінде құрылғыдан USB кабелін ажыратпаңыз. Бұлай істеу
деректердің жоғалуына немесе құрылғының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
USB хабы арқылы қосылса, құрылғылар дұрыс қосылмауы мүмкін. Құрылғыны
тікелей компьютердің USB портына қосыңыз.
1
Құрылғыны компьютерге USB кабелін пайдаланып қосыңыз.
2
Хабарландыру тақтасын ашыңыз, содан кейін
Медиа файлды USB арқылы
тасымалдау
→
Мультимедиалық файлдарды тасымалдау
тармағын түртіңіз.
Егер компьютер құрылғыны анықтамаса,
Суреттерді тасымалдау
тармағын түртіңіз.










