User Manual

12_
тоңазытқышты
пайдалану
• Сіз бұл түймешені басқан кезде есік ашық қалғандығын ескертетін дабыл қосылады
және осыған сәйкес индикатор жанады (⑤).
Егер тоңазыту камерасының есігі белгілі уақыттан ұзақ уақытқа дейін ашық қалса, онда
дыбыстық белгі беріледі.
• Егер сіз есік ашық қалғандығын ескертетін дабылды өшіргіңіз келсе, осы түймешені
қайтадан басыңыз.
• Мұздату камерасында есік ашық қалғандығын ескертетін дабыл режимі жоқ.
• Егер «Тез тоңазыту», «Демалыс» деген сияқты таңдалынған режим
барысында сіз басқа да бір түймешені бассаңыз, онда таңдалынған режим
тоқтатылады да басылған түймешеге сәйкес режим таңдалынады.
• Егер сіз тоңазытқышты өшіргіңіз келсе, осы түймешені 3 минут бойы басып тұрыңыз.
Қосулы тұрған тоңазытқышты құрастыуға тырыспаңыз.
-Ол электр тоғының соғуына немесе тоңазытқыштың бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
• Тоңазытқыштың температурасын реттеу үшін Temp. Control түймешесін басыңыз.
• Тоңазытқышты қосқан кезде оның температурасы орташа бағамға қойылады.
• Температураның бес индикатордан(①) көрсетілетін бес деңгейі бар (①). Барлық
индикаторлар жанып тұрса, онда ең төменгі температураға қойылған.
• Қажетті температураға қою үшін Temp. Control түймешесін бір немесе бірнше рет басыңыз.
• Мұздату камерасының температурасы тоңазыту камерасының температурасына
сәйкес автоматты түрде өзгеріп отырады.
Көп мөлшердегі азық-түлікті мұздату қажет болған кезде, 24 сағат бұрын мұздату
камерасын ең төменгі температураға қойыңыз.










