User Manual

_11
• Тоңазыту камерасының температурасын өзгерту үшін:
- «Тоңазыту камерасындағы температура» түймешесін басыңыз.
Сандық индикатор (1) сол кезде қойылған температураны көрсетеді.
- Сандық индикатор (1) қажетті температураны көрсеткенше «Тоңазыту камерасындағы
температура» түймешесін бір немесе бірнеше рет басыңыз.
- Тоңазыту камерасына қажетті температураны қойып болған соң тоңазыту
камерасындағы температураны көрсететін индикатор 5 рет жыпылықтайды.
Түймешені басу кезінде қойылған температура циклді түрде өзгеріп отырады. +7
0
С
температурасын көрсеткеннен кейін индикатор қайтадан +1
0
С-ты көрсетеді.
Тоңазыту камерасына қойылатын температура аралығы: +1
0
С-тан +7
0
С-қа дейін.
•
Қалыпты үлгілерде сандық индикатор (②) мұздату камерасында қойылған
температураны көрсетіп тұрады.
•
Мұздату камерасының температурасын өзгерту үшін:
- «Мұздату камерасындағы температура» түймешесін басыңыз.
Сандық индикатор (②) сол кезде қойылған температураны көрсетеді.
- Сандық индикатор (②) қажетті температураны көрсеткенше «Мұздату камерасындағы
температура» түймешесін бір немесе бірнеше рет басыңыз.
•
Түймешені басу кезінде қойылған температура циклді түрде өзгеріп отырады.
Индикатор -25
0
С температурасын көрсеткеннен кейін қайтадан -14
0
С-ты көрсетеді.
•
Мұздату камерасына қойылатын температура аралығы: -14
0
С-тан -25
0
С-қа дейін.
•
Егер сіз демалысқа немесе ұзақ уақытқа ісссапарға баратын болсаңыз немесе
тоңазытқышты пайдаланбайтын болсаңыз «Демалыс» түймешесін басыңыз.
•
Тоңазыту камерасы өшеді, ал мұздату камерасы жұмысын жалғастыра береді.
•
Vacation (демалыс) индикаторы (③) «демалыс» режимі жұмыс істеп тұрған кезде қосулы
тұрады.
•
«Демалыс» (④) режимін қосардың алдында тоңазыту камерасындағы
барлық азық-түліктерді шығару керек.
•
Егер сіз үш аптадан кем уақыт бойы үйде болмайтын болсаңыз,
тоңазытқышты ауыспалы тоқ желісінен ажыратпасаңыз да болады. Ал егер
сіз үш аптадан артық уақыт бойы үйде болмайтын болсаңыз,
тоңазытқыштан барлық азық-түлікті шығарыңыз, желі шнурын розеткадан
ажыратыңыз, тоңазытқышты тазалап, жуып кептіріңіз.
•
Тез тоңазыту режимін қосады және сөндіреді.
•
Азық-түлікті тез тоңазытқыңыз келгенде осы режимді пайдаланыңыз.
•
«Тез тоңазыту» режимі жұмыс істеп тұрған кезде Super Freeze (тез тоңазыту)
индикаторы (④) қосылу тұрады.
•
Осы режим таңдалған кезде тоңазытқыш құрал үздіксіз жұмыс істейді және тоңазыту
камерасында ең төменгі температураны орнатады.
•
Тез тоңазыту режимі автоматты түрде өшеді. Тез тоңазыту үрдісі аяқталған кезде Super
Freeze (тез тоңазыту) индикаторы өшеді және мұздату камерасындағы температура
бұрынғы қойылған температураға ауысады.
•
Тез тоңазыту режимін өшіру үшін осы түймешені қайтадан басыңыз.
Егер көп мөлшердегі азық-түлікті тоңазыту қажет болса, онда тез тоңазыту режимін
қосардың алдында мұздату камерасын ең төменгі температураға қойыңыз.
САҚТАНДЫРУ
02 ПАЙДАЛАНУ










