Operation Manual
RHB-2915-E
133
KAZ
Техникалық сипаттамалары
Үлгі ................................................................................................................................. RHB-2915-E
Құрылғы типі ......................................................................................................................блендер
Номиналды қуаты ................................................................................................................ 750 Вт
Ең үлкен қуаты....................................................................................................................1100 Вт
Кернеуі ..........................................................................................................220-240 В, 50/60 Гц
Электр тоғымен зақымданудан қорғау ...................................................................II дәреже
Қозғалтқыш типі ................................................................................................DC (тұрақты тоқ)
Жұмыс жылдамдығы ...........................................................................13500-16500 айн/мин
Жұмыс жылдамдығын реттеу ................................................................................ бірқалыпты
«ТУРБО» режимі......................................................................................................................... бар
Ұсатқыш тостағанның көлемі ..........................................................................................500 мл
Араластыру тостағанының көлемі .................................................................................600 мл
Саптама-блендер ....................................................................................................................... бар
Саптама-тәж................................................................................................................................. бар
Ұсатқыштың S-тектес пышағы ............................................................................................... бар
Электр бау ұзындығы ............................................................................................................ 1,4 м
Жинағы
Мотор бөлігі .........................................1 дана
Қақпағы бар ұсатқыш тостағаны ... 1 дана
Араластыру тостағаны ......................1 дана
Ұсатқыш пышағы ................................1 дана
Саптама-блендер ............................... 1 дана
Саптама-тәж.........................................1 дана
Саптама-тәждің жалғастырғыш тетігі .... 1 дана
Пайдалану бойынша нұсқаулық ... 1 дана
Сервистік кітапша ..............................1 дана
Өндіруші өз өнімін жақсарту барысында бұл өзгерістер туралы қосымша хабар-
ламай, бұйымның дизайны, жинағы, сонымен қатар техникалық сипаттамала-
рына өзгерістерді енгізу құқығына ие.
Аспаптың құрылымы A1
1. Электр қозғалтқыш блогы
2. Жылдамдық реттегіші
3. Қосу түймешігі
4. «ТУРБО» режимін қосу түймешігі
5. Саптама-блендер
6. Саптама-тәж
7. Саптама-тәждің жалғастырғышы
8. Ұсатқыш пышағы
9. Өлшеу шкаласы бар ұсатқыш тостағаны
10. Ұсатқыш тостағанының қақпағы
11. Саптама бекіткіштерінің түймешіктері
12. Өлшеу шкаласы бар араластыру тостағаны
13. Электр сымы
I . АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсы-
рмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұй-
ымның сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Бұйымда сериялық нөмірі жоқ болса, кепілдік қызмет көрсету құқығынан авто-
матты түрде айырыласыз.
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар
алдында кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Электр бауды толық жайыңыз. Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз. Шешілмелі
бөлшектерді сабынды сумен жуыңыз, аспаптың барлық элементтерін электр желіге
қосар алдында мұқият кептіріңіз.
II . АСПАПТЫ ПАЙДАЛАНУ
Блендермен жұмыс істеудің жалпы ережелері
• Азықты шашыратпау үшін ыдысты 2/3 көлемінен асырып толтырмаңыз.
•
Азық-түлікті миксермен тиімді шайқау үшін ингридиенттер тәждің тым болма-
са төменгі бөлігін жабуы керек.
•
Блендер немесе миксер пайдаланылғанда алдымен саптаманы азық салынған
ыдысқа салыңыз, одан кейін қосу немесе турборежим түймешігін басыңыз.
Саптаманы ыдыстан шығарар алдында түймешікті жіберіңіз.
•
Жұмысты аз жылдамдықпен бастаңыз, қажет болғанда оны аспап тұтқасындағы
жылдамдық реттегішін бұрап көбейтіңіз. Реттегіштіңқа сына шкала салынған:
осы азық түрі үшін тиімді жылдамдықты анықтап, оның мәнін есте сақтаңыз
және болашақта пайдаланыңыз.
• Ең үлкен қарқындлықпен жұмыс істеу үшін (қатты азықты өңдегенде немесе
шайқаудың соңғы санатында) турборежим түймешігін басып, ұстаңыз.
Өңделетін азыққа саптама электр қозғалтқыш блогына қосылатын жерді ба-
тырмаңыз.