User manual
1 Маңызды
қауіпсіздік
нұсқаулары
Құлаққапты қолданған кезде, мына
нұсқауларды орындаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен
шамадан аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Есту қабілетіңіз бейімделген сайын
дыбыс деңгейін тоқтаусыз
жоғарылатпаңыз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести
алмайтын деңгейге дейін
жоғарылатпаңыз.
• Ықтималды қауіпті жағдайларда
абайлап қолданыңыз немесе
уақытша қолдануды тоқтатыңыз.
• Құлаққаптың шамадан тыс дыбыс
қысымы кереңдікке алып келуі
мүмкін.
• Көлік жүргізу кезінде құлаққапты екі
құлаққа да тағып қолдану
ұсынылмайды және бұл кейбір
аймақтарда заңсыз болуы мүмкін.
• Қауіпсіздігіңіз үшін кептеліс кезінде
музыка немесе телефон
қоңыраулары, басқа да ықтималды
қауіпті орталықтар сияқты
алаңдатулардан аулақ болыңыз.
Қауіпті
Есту қабілетіне зақым келтірмеу
мақсатында құлаққаптың дыбысын жоғары
деңгейде тыңдау уақытын шектеп, дыбысты
қауіпсіз деңгейге қойыңыз. Дыбыс деңгейі
жоғары болған сайын, қауіпсіз тыңдау
уақыты да төмен.
Есту қауіпсіздігі
Жалпы ақпараты
Зақымдануды немесе ақаулықты
болдырмау үшін:
Қолдану және сақтау температуралары
мен ылғалдығы
• Ауа температурасы -20 °C (-4 °F) және
50 °C (122 °F), ал салыстырмалы
ылғалдылығы 90% болатын жерде
сақтаңыз.
• Ауа температурасы 0 °C (32 °F) және
45 °C (113 °F), ал салыстырмалы
ылғалдылығы 90% болатын жерде
пайдаланыңыз.
• Температура одан жоғары не төмен
болған жағдайда батареяның
қызмет ету мерзімі қысқаруы мүмкін.
• Батареяны дұрыс емес батарея
түріне ауыстыру құлаққапты және
батареяны қатты зақымдау қаупін
тудырады (мысалы, кейбір литий
батарея түрлері үшін).
Назар аударыңыз
Құлаққапқа шамадан тыс жылудың әсер
етуіне мүмкіндік беруге болмайды.
Құлаққапты жерге құлатпаңыз.
Құлаққапқа сұйықтық тамызуға немесе
шашыратуға болмайды. (Тиісті өнімнің IP
көрсеткішін қараңыз)
Құлаққапты суға салмаңыз.
Коннектор немесе розетка су болғанда
құлаққапты зарядтамаңыз.
Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе
абразивтер бар тазалау құралдарын
қолданбаңыз.
Тазалау қажет болса, өнімді тазалау үшін
жұмсақ матаны, қажет болса кішкене сумен
ылғалдап немесе сабынмен сулатылған
күйінде қолданыңыз.
Кірістірілген батареяны күн сәулелері сияқты
қатты қызудан, оттан немесе тағы басқасынан
аулақ ұстау керек.
Батарея дұрыс емес ауыстырылған жағдайда
жарылу қауіпі бар. Ауыстырған кезде, дәл
сондай батареяны немесе баламасын салыңыз.
Белгілі бір IP көрсеткішіне қол жеткізу үшін
зарядтау ұясының қақпағы жабық болуы тиіс.
Батареяны отқа немесе ыстық пешке лақтыру,
немесе механикалық түрде ұсақтау, немесе
кесу жарылысқа әкелуі мүмкін.
Батареяны өте жоғарғы температуралы ортада
қалдыру жарылысқа немесе жанғыш
сұйықтықтың, газдың ағып кетуіне әкелуі мүмкін.
Өте төмен қысымға ұшыраған батарея
жарылысқа немесе жанғыш сұйықтықтың,
газдың ағып кетуіне әкелуі мүмкін.
2 KK