User manual
1 Маңызды
қауіпсіздік
нұсқаулары
KZ
Есту қауіпсіздігі
Қауіп
Жалпы ақпарат
Зақым келмеуі немесе істен шығарып алмау үшін:
Сақ болыңыз
Есту мүшесіне зақым келмеуі үшін құлаққапты жоғары
дыбыс деңгейімен қолдану уақытын шектеңіз жəне
дыбыс деңгейін қауіпсіз мəнге орнатыңыз. Дыбыс
деңгейі неғұрлым жоғары болса, қауіпсіз тыңдау
уақыты соғұрлым қысқа болады.
Құлаққапты қолданған кезде, мына нұсқауларды
сақтаңыз.
• Қисынды дыбыс деңгейімен шамадан
аспайтын уақыт тыңдаңыз.
• Құлағыңыз үйреніп кеткен сайын, дыбыс
деңгейін жоғарылата бермеңіз.
• Дыбыс деңгейін айналаңызды ести
алмайтын деңгейге дейін жоғарылатпаңыз.
• Қауіп төнуі мүмкін жағдайларда абайлап
қолдану немесе қолдануды уақытша
тоқтату қажет.
• Құлаққаптың шамадан тыс дыбыс
қысымы кереңдікке себеп болуы мүмкін.
• Көлік айдаған кезде, құлаққапты екі
құлақты да жауып қолданған дұрыс емес
жəне ол кейбір аймақтарда заңсыз
болуы мүмкін.
• Жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
үшін жолда немесе басқа қауіпті болуы
мүмкін орталарда музыкаға немесе
телефон қоңырауларына назарыңызды
бөліп жіберуіне мүмкіндік бермеңіз.
Құлаққапқа шамадан тыс жылудың əсер етуіне
мүмкіндік беруге болмайды
Құлаққапты жерге түсіріп алмау керек.
Құлаққапқа сұйықтық тамызуға немесе шашыратуға
болмайды.
Құлаққапты суға салуға болмайды.
Құрамында спирт, аммиак, бензол немесе абразивті
заттар бар тазартқыш заттарды қолдануға болмайды.
Өнімді тазалау керек болса, қажетінше сумен немесе
сұйылтылған жұмсақ сабынды сумен аздап қана
суланған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Ішкі батареяға күн сəулесі, от немесе соған ұқсас
шамадан тыс қызу көздерінің əсер етуіне мүмкіндік
бермеу керек.
Батарея дұрыс ауыстырылмаса, жарылу қаупі
туындайды. Ауыстырған кезде, дəл сондай батареяны
немесе баламасын салыңыз.
Қолдану жəне сақтау температуралары мен
ылғалдығы туралы мəлімет
• Температурасы -20 °C (4 °F) жəне 60 °C
(140 °F) аралығындағы (салыстырмалы
ылғалдық 90%-дан аспайтын) жерде
қолдану немесе сақтау керек.
• Температура одан жоғары не төмен
болған жағдайда батареяның қызмет ету
мерзімі қысқаруы мүмкін.