User manual
АҚШ Федералдық байланыс комиссиясының
(FCC) сəулелену əсеріне қоятын талаптарына
қатысты мəлімдеме:
Осы жабдық FCC ұйымының бақыланбайтын
орталардағы сəулелену əсеріне қоятын
шектеулеріне сəйкес келеді. Осы таратқышты
кез келген басқа антеннамен немесе
таратқышпен бір жерге орналастыруға немесе
бірге жұмыс істетуге болмайды.
Сақ болыңыз:
Пайдаланушыға сəйкестікке
жауапты тарап анық растамаған өзгертулерді
енгізу пайдаланушының жабдықты қолдану
құқығын жоюы мүмкін екені туралы ескертіледі.
Канада:
Осы құрылғыда Канада Инновация, ғылым жəне
экономикалық даму министрлігінің лицензия
талап етілмейтін RSS стандарттарына сəйкес
келетін лицензия талап етілмейтін таратқыш(тар)/
қабылдағыш(тар) бар. Қолдану үшін төмендегі
екі талап орындалуы тиіс: (1) осы құрылғы
зиянды кедергі жасамауы тиіс жəне (2) осы
құрылғы түскен кез келген кедергіні, оның
ішінде құрылғы жұмысына жағымсыз əсер етуі
мүмкін кедергіні қабылдауы тиіс.
CAN ICES-3(B)/NMB-3(B)
Канада Өнеркəсіп министрлігінің сəулелену
əсеріне қоятын талаптарына қатысты
мəлімдеме:
Осы жабдық Канаданың бақыланбайтын
орталардағы сəулелену əсеріне қоятын
шектеулеріне сəйкес келеді.
Осы таратқышты кез келген басқа антеннамен
немесе таратқышпен бір жерге орналастыруға
немесе бірге жұмыс істетуге болмайды.
Сəйкестік туралы
хабарландыру
Құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне
сəйкес келеді. Қолдану үшін төмендегі екі
талап орындалуы тиіс:
1. Осы құрылғы зиянды кедергі
жасамауы тиіс жəне
2. Осы құрылғы түскен кез келген
кедергіні, оның ішінде жұмысына
жағымсыз əсер етуі мүмкін кедергіні
қабылдауы тиіс.
FCC ережелері
Осы жабдық сынақтардан өткізіліп, FCC
ережелерінің 15-бөлімінде көрсетілген В
сыныбындағы цифрлық құрылғыға қойылатын
шектеулерге сəйкес келетіні анықталған. Осы
шектеулер тұрғын жерлерде зиянды
кедергіден қисынды деңгейдегі қорғанысты
қамтамасыз ету үшін белгіленген. Осы жабдық
радиожиілік қуатты түзеді, қолданады жəне
шығаруы мүмкін, сондықтан нұсқаулыққа
сəйкес орнатылмаған жəне қолданылмаған
жағдайда, радио байланысқа зиянды кедергі
жасауы мүмкін. Дегенмен белгілі бір
жағдайларда кедергі болмайтынына кепілдік
берілмейді. Осы жабдық қабылданатын радио
немесе теледидар сигналдарына зиянды
кедергі жасаса (оны өнімді өшіріп-қосу арқылы
тексеруге болады), пайдаланушы төмендегі
шаралардың біреуін немесе бірнешесін
қолдану арқылы кедергіні жоюға əрекет
жасағаны жөн:
• Қабылдағыш антеннаның бағдарын
өзгерту немесе оны басқа жерге қою.
• Жабдық пен қабылдағыш арасындағы
қашықтықты арттыру
• Жабдықты қабылдағыш жалғанып тұрған
электр тізбектен басқа тізбектегі розеткаға
жалғау.
• Дилерге немесе тəжірибелі
радио/теледидар маманына хабарласып,
көмек сұрау.
KZ