User manual

ЭМӨ талаптарына сəйкестік
Осы өнім электрмагниттік өрістердің əсер
етуіне қатысты барлық тиісті стандарттар мен
ережелерге сəйкес келеді.
Қоршаған ортаға қатысты
ақпарат
Қажетсіз қаптама материалдарын қолданбаймыз.
Қаптаманы үш материалға бөлуді жеңілдетуге
тырыстық: картон (қорап),
көбікполистирол
(аралық қабат) жəне полиэтилен
(қаптар,
қорғайтын көбік материал).
Жүйеңіз мамандырылған компания
бөлшектеген жағдайда қайта өңдеуге жəне
қайта қолдануға болатын материалдардан
тұрады. Қаптама материалдарын, таусылған
батареяларды жəне ескі жабдықты қоқысқа
тастауға қатысты жергілікті ережелерді
ұстаныңыз.
Бұл өнім жоғары сапалы материалдар мен
құрамдас бөліктерді қолдана отырып
жобаланған жəне өндірілген, оларды қайта
өңдеуге жəне қайта қолдануға болады.
Ішкі батареяны шешіп алу қажет
Еліңізде электрондық өнімдерді жинау/қайта
өңдеу жүйесі болмаса, құлаққапты қоқысқа
тастаудан бұрын, батареяны шешіп алып, оны
қайта өңдеуге тапсыру арқылы қоршаған
ортаны қорғай аласыз.
Батареяны шешіп алудан бұрын, құлаққап
зарядтау қабынан ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
Өнімдегі осы таңба ол 2012/19/EU Еуропа
директивасында қамтылғанын білдіреді.
Бұл таңба өнімде 2013/56/EU Еуропа
директивасы қамтитын, əдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастауға болмайтын ішкі
қайта зарядталатын батарея бар екенін
білдіреді. Қайта зарядталатын батареяны
маман шешіп алуы үшін осы өнімді ресми
жинау пунктіне немесе Philips қызмет көрсету
орталығына апаруға қатаң кеңес береміз.
Электр жəне электрондық өнімдер мен қайта
зарядталатын батареяларды бөлек
жинайтын жергілікті жүйе туралы мəлімет
іздестіріңіз. Жергілікті ережелерді сақтап,
өнімді жəне қайта зарядталатын
батареяларды əдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі
өнімдер мен қайта зарядталатын
батареяларды дұрыс қоқысқа тастау
арқасында қоршаған орта мен адам
денсаулығына төнетін қауіптердің алдын
алуға көмектесуге болады.
KZ
Сəйкестік мəлімдемесі
Осы құжатпен MMD Hong Kong Holding
Limited компаниясы осы өнім 2014/53/EU
директивасының негізгі талаптарына жəне
басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін
мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына
сайттан көруге болады: www.p4c.philips.com.
6
Хабарландыру
Ескі өнімді жəне батареяны
қоқысқа тастау