User manual

2 KK
1 Маңызды
қауіпсіздік
бойынша
нұсқаулар
Есту жүйесінің қауіпсіздігі
Қауіп
Құлақтың есту қабілетінің бұзылуына жол
бермеу үшін гарнитураны жоғары дыбыс
деңгейінде пайдалану уақытын шектеңіз
және қауіпсіз дыбыс деңгейін орнатыңыз.
Дыбыс неғұрлым қатты болса, қауіпсіз
тыңдау уақыты соғұрлым аз.
Құлақаспапты қолданған кезде келесі
ұсыныстарды орындаңыз.
Ақылға қонымды уақыт аралығында
ақылға қонымды көлемде тыңдаңыз.
Сақ болыңыз және дыбыс деңгейін бірден
жоғары деңгейлерге үздіксіз көтермеңіз,
өйткені есту қабілетіңіз біртіндеп
бейімделуі керек.
Дыбыс деңгейін айналаңыздағы
дыбыстарды естімейтіндей жоғары
деңгейге арттырмамыз.
Ықтимал қауіпті жағдайларда абай болу
керек немесе пайдалануды уақытша
тоқтату керек.
Құлақаспап пен гарнитурадан шығатын
қысым құлақтардың есту қабілетінің
нашарлауына себеп болуы мүмкін.
Көлік жүргізу кезінде гарнитурамен
құлақтарды толық жауып пайдаланбаған
жөн, ал кейбір аймақтарда толық жабуға
тыйым салынған болуы мүмкін.
Қауіпсіздікті сақтау үшін жолда жүргенде
немесе басқа қауіпті жағдайларда
болғанда музыкаға немесе телефон
қоңырауларына алаңдамаңыз.
Жалпы ақпарат
Зақымдануды немесе ақауларды
болдырмау үшін:
Назар аударыңыз
Гарнитураны шамадан тыс ыстыққа
ұшыратпаңыз.
Гарнитураны жерге қатты түсіріп алмаңыз.
Гарнитураға сұйықтық тамшылары немесе
шашырандылары тимеуі керек. (Арнайы
қорғаныс деңгейін қараңыз).
Гарнитураның суға батырылуына жол
бермеңіз.
Егер жалғағыш немесе розетка дымқыл
болса, гарнитураны қуаттамаңыз.
Құрамында алкоголь, аммиак, бензол
немесе абразивті заттар бар тазартқыштарды
пайдаланбаңыз.
Егер бұйымды тазарту қажет болса, жұмсақ
шүберекті қолданыңыз, қажет болған
жағдайда аздап сумен немесе сұйылтылған
жұмсақ сабынмен дымқылдаңыз.
Кірістірілген батареяны күншуақ, от немесе
сол сияқты ыстық нәрселердің әсерінде
қалдырмаңыз.
Батарея дұрыс салынбаса, жарылыс қаупі
болуы мүмкін. Оны тек бірдей немесе балама
түрімен ауыстырыңыз.
Арнайы қорғаныс деңгейін сақтау үшін
қуаттау ұясының қақпағы жабық болуы керек.
Батареяны отқа немесе ыстық пешке тастау,
механикалық жаншу немесе кесу жарылысқа
әкелуі мүмкін.
Батареяны өте жоғары температуралы
ортада қалдыру жанғыш сұйықтықтың
немесе газдың жарылуына немесе ағып
кетуіне әкелуі мүмкін.
Батарея өте төмен ауа қысымында қалса, ол
жарылуы немесе жанғыш сұйықтық не газ
ағып кетуі мүмкін.
Сақтау температурасы және ылғалдылық
Температурасы -20°C және 50°C
аралығында, салыстырмалы ылғалдылығы
90% болатын жерде сақтаңыз.
Температурасы 0°C және 45°C аралығында,
салыстырмалы ылғалдылығы 90% болатын
жерде пайдаланыңыз.
Батареяның жарамдылық мерзімі жоғары
немесе төмен температуралы ортада
қысқаруы мүмкін.
Батарея сәйкес емес батарея түрімен
ауыстырылса, гарнитура мен батареяға
үлкен зиян келуі мүмкін (мысалы,
литий батареяларының кейбір түрлері
қолданылған жағдайда).