User manual

10 KK
Экологияға қатысты
ақпарат
Ешбір артық қаптама материалы
қолданылмады. Біз қаптаманы үш түрлі
материалға бөлуді оңай етуге тырыстық:
қатырма қағаз (қорап), полистирол
көбік (аралық жастық) және полиэтилен
(қалталар, қорғаныс көбік парағы).
Бұл жүйе бөлшектеуді мамандандырылған
компания орындаған жағдайда қайта
өңдеуге және қайта пайдалануға
болатын материалдардан тұрады.
Қаптама материалдарды, қуатсызданған
батареяларды және ескі жабдықтарды
жоюдың жергілікті ережелерін сақтаңыз.
Заңға сәйкестік туралы
хабарлама
Бұл құрылғы FCC ережелерінің 15-бөліміне
сәйкес келеді. Мына екі шартты ұстанғанда
ғана пайдалануға рұқсат етіледі:
1. Бұл құрылғы зиянды кедергі
жасамайтын болса және
2. Бұл құрылғы кез келген алынған
кедергіні, соның ішінде қажетсіз
әрекеттің тууына себепші болатын
кедергіні де қабылдауы керек.
FCC ережелері
Бұл жабдық сынақтан өткізіліп, FCC
ережелерінің 15-бөліміне сәйкес В
класындағы сандық құрылғылардың
шектеулерімен үйлеседі деп танылды. Бұл
шектеулер тұрмыстық аймақта орнатылған
кезде зиянды кедергілерге қарсы тиісті
қорғаныс қамтамасыз етуге арналған. Бұл
құрылғы радио жиілігі қуатын жасайды,
пайдаланады және шығарады, ал егер
ол осы нұсқаулыққа сай орнатылмаса
немесе пайдаланылмаса, ол радио
байланыстарына зиянды кедергі келтіруі
мүмкін.
Алайда, басқа орында орнатқан кезде
кедергі тудырмауына кепілдік берілмейді.
Жабдық өшіру және қосу арқылы анықтауға
болатын радио немесе телевизиялық
сигналдардың қабылдануына кедергі
келтірсе, пайдаланушы төмендегі бір
немесе бірнеше шараны пайдаланып,
кедергіні жойғаны жөн:
Қабылдағыш антеннаның бағытын не
орнын өзгертіңіз.
Жабдық пен қабылдағыш
арақашықтығын арттырыңыз.
Жабдықты қабылдағыш қосылған
контурдағы розеткадан басқасына
қосыңыз.
Көмек үшін дилермен немесе білікті
радио/теледидар техник маманымен
кеңесіңіз.
FCC радиациялық сәулелену туралы
мәлімдемесі:
Бұл жабдық бақыланбайтын орта үшін
айқындалған сәулелену әсеріне қатысты
FCC шектеулеріне сәйкес келеді.
Бұл таратқыш басқа кез келген антеннамен
немесе таратқышпен жақын жерде
орналаспауы немесе байланыста жұмыс
істемеуі керек.
Абайлаңыз: Пайдаланушыға талаптарды
сақтауға жауапты тарап мақұлдамаған
өзгерістер немесе модификациялар
пайдаланушыны жабдықты пайдалану
құқығынан айыруы мүмкін екендігі туралы
ескертілді.
Канада:
Бұл құрылғыда RSS талаптарына сәйкес
келетін, инновация, ғылым және
экономикалық даму бойынша Канада
лицензиясынан босатылған таратқыш(тар)/
қабылдағыш(тар) бар. Мына екі шартты
ұстанғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі:
(1) бұл құрылғы зиянды кедергі жасамайтын
болса және (2) бұл құрылғы дұрыс жұмыс
істемеуге себеп болуы мүмкін кедергіні
қоса кез келген қабылданған кедергіні
қабылдайтын болса.
CAN ICES-003(B)/NMB-003(B)
IC радиациялық сәулелену туралы
мәлімдемесі:
Бұл жабдық бақыланбайтын орта үшін
айқындалған сәулелену әсеріне қатысты
Канада шектеулеріне сәйкес келеді.
Бұл таратқыш басқа кез келген антеннамен
немесе таратқышпен жақын жерде
орналаспауы немесе байланыста жұмыс
істемеуі керек.