User manual

9KK
6 Ескертпе
Сәйкестік туралы
мәлімдеме
MMD Hong Kong Holding Limited
компаниясы осымен бұл өнімнің RED
Directive 2014/53/EU директивасының және
UK Radio Equipment Regulations SI 2017
No 1206 ережелерінің негізгі талаптарына
және басқа да тиісті ережелерге сәйкес
келетінін мәлімдейді. Сәйкестік туралы
мәлімдемені мына сайттан табуға болады:
www.philips.com/support.
Ескі бұйым мен
батареяны қайта
өңдеуге өткізу
Сіздің өніміңіз қайта өңдеуге және қайта
пайдалануға болатын жоғары сапалы
материалдар мен компоненттерден
құралған және жасалған.
Бұйымдағы бұл таңба бұйымға 2012/19/EU
еуропалық директивасы бойынша
қолданылатынын білдіреді.
Бұл таңба бұйымның құрамында 2013/56/EU
еуропалық директивасы бойынша
қолданылатын және қарапайым тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастауға болмайтын
батарея бар екенін білдіреді. Маман
қайта қуатталатын батареяны шығарып
алуы үшін өнімді ресми қабылдау орнына
немесе Philips қызмет көрсету орталығына
апаруды ұсынамыз. Электрлік және
электрондық өнімдер мен батареяларды
бөлек жинайтын жергілікті жүйе туралы
біліңіз. Жергілікті ережелерді сақтаңыз
және бұйымды және қайта қуатталатын
батареяларды әдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге ешқашан тастамаңыз.
Ескі өнімдер мен қайта қуатталатын
батареяларды дұрыс тастау қоршаған
орта мен адам денсаулығына кері әсерін
болдырмауға көмектеседі.
Кірістірілген батареяны
шығару
Егер еліңізде электрондық бұйымдарды
жинау/қайта өңдеу жүйесі болмаса,
құлақаспапты тастамас бұрын батареяны
шығарып, қайта өңдеуге алып қалу арқылы
қоршаған ортаны қорғауға болады.
Батареяны шығармас бұрын,
құлаққаптың ажыратылғанына көз
жеткізіңіз.
ЭМӨ сәйкестігі
Бұл өнім электромагниттік өрістердің
әсеріне қатысты барлық қолданылатын
стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.