User manual

KZ
3 Іске кірісу
Батареяны зарядтау
Ескертпе
Құлаққапты алғаш рет қолданудан бұрын,
батарея көлемі жəне қызмет ету мерзімі
оңтайлы болуы үшін құлаққапты зарядтау
қабына салып, батареяны 2 сағат зарядтаңыз.
Қандай да бір зақым келтіріп алмау үшін
түпнұсқалы USB зарядтау кабелін ғана
қолданыңыз.
Құлаққапты зарядтаудан бұрын қоңырауды
аяқтаңыз, себебі құлаққапты зарядтау үшін
жалғаған кезде, ол өшіріледі.
Бірге берілген Type C зарядтау кабелін
мынаған жалғаңыз:
Құлаққаптағы Type C зарядтау
ұясы жəне;
Зарядтағыш/компьютердің USB
порты.
Ақыл-кеңес
Əдетте толық зарядталуға 2 сағат кетеді.
Құлаққапты мобильді
телефонмен жұптастыру
Құлаққап толығымен зарядталғанына
жəне өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
Құлаққап жұптастыру
режимінде 5 минут тұрады.
Құлаққапты мобильді телефонмен алғаш
рет қолданудан бұрын, оны мобильді
телефонмен жұптастырыңыз. Жұптастыру
нəтижелі болғанда, құлаққап пен мобильді
телефон арасында шифрланған бірегей
байланыс орнатылады. Құлаққап соңғы
4 құрылғыны жадында сақтайды. 4-тен
көп құрылғыны жұптастыруға əрекет
жасасаңыз, олардың ішіндегі ең алғашқы
болып жұптастырылған құрылғы жаңа
құрылғымен алмастырылады.
< > түймесін көк ЖШД жылдам
жыпылықтағанша 4 секунд басып
тұрыңыз.
Philips TAA6606
Мобильді телефон жəне оның
Bluetooth функциясы қосылғанына
көз жеткізіңіз.
Төмендегі мысалда құлаққапты мобильді
телефонмен жұптастыру жолы
көрсетілген.
Құлаққапты мобильді телефонмен
жұптастырыңыз. Толық ақпарат алу
үшін мобильді телефонның
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Мобильді телефонда Bluetooth
функциясын іске қосып, Philips
TAA6606 құрылғысын таңдаңыз
Сұралған жағдайда «0000» (4 нөл)
құлаққап құпиясөзін енгізіңіз. Bluetooth
3.0 немесе одан кейінгі нұсқаны
қолдайтын мобильді телефондарда
құпиясөзді енгізу қажет емес.
Зарядтау кезінде ЖШД көк түспен
жанып тұрады, ал құлаққап
толығымен зарядталған кезде, ол
сөнеді.