User manual

KZ
Ішкі батареяны шешіп алу
6 Құлақтандыру
Осы құжатпен MMD Hong Kong Holding
Limited компаниясы осы өнім 2014/53/EU
директивасының негізгі талаптарына жəне
басқа тиісті ережелеріне сəйкес келетінін
мəлімдейді. Сəйкестік мəлімдемесін мына
сайттан көруге болады:
www.p4c.philips.com.
Сəйкестік мəлімдемесі
Ескі өнімді жəне
батареяны қоқысқа тастау
Бұл өнім жоғары сапалы материалдар мен
құрамдас бөліктерді қолдана отырып
жобаланған жəне өндірілген, оларды қайта
өңдеуге жəне қайта қолдануға болады.
Өнімдегі осы таңба ол 2012/19/EU Еуропа
директивасында қамтылғанын білдіреді.
Бұл таңба өнімде 2013/56/EU Еуропа
директивасы қамтитын, əдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастауға болмайтын
ішкі қайта зарядталатын батарея бар
екенін білдіреді. Қайта зарядталатын
батареяны маман шешіп алуы үшін осы
өнімді ресми жинау пунктіне немесе Philips
қызмет көрсету орталығына апаруға қатаң
кеңес береміз.
Электр жəне электрондық өнімдер мен
қайта зарядталатын батареяларды бөлек
жинайтын жергілікті жүйе туралы мəлімет
іздестіріңіз. Жергілікті ережелерді сақтап,
өнімді жəне қайта зарядталатын
батареяларды əдеттегі тұрмыстық
қалдықтармен бірге тастамаңыз. Ескі
өнімдер мен қайта зарядталатын
батареяларды дұрыс қоқысқа тастау
арқасында қоршаған орта мен адам
денсаулығына төнетін қауіптердің алдын
алуға көмектесуге болады.
Еліңізде электрондық өнімдерді
жинау/қайта өңдеу жүйесі болмаса,
құлаққапты қоқысқа тастаудан бұрын,
батареяны шешіп алып, оны қайта өңдеуге
тапсыру арқылы қоршаған ортаны қорғай
аласыз.
Батареяны шешіп алудан бұрын,
құлаққап зарядтау қабынан
ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
ЭМӨ талаптарына
сəйкестік
Осы өнім электрмагниттік өрістердің
əсер етуіне қатысты барлық тиісті
стандарттар мен ережелерге сəйкес
келеді.