User manual
Қыратын бастарын шаю кезінде ұстара негізінен су
тамуы мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай.
1 Ұстараны сөндіріңіз.
2 Қыратын бөлігін жылы ағын су астында
тазалаңыз.
3 Бөлікті босату түймесін басып, ұстараның
қыратын бөлігін ашыңыз.
4 Қыратын бөлігі мен түк камерасын жылы ағын
су астында шайыңыз.
5 Артық суды сілкіп тастап, ұстараны кептіріп
алыңыз.
6 Қыратын бөлігін жабыңыз.
Триммерді тазалау
Триммерді орамалмен немесе шүберекпен
сүртпеңіз, кесетін тістері зақымдануы мүмкін.
Триммерді әрбір қолданыстан кейін тазалаңыз.
1 Ұстараны сөндіріңіз.
2 Триммерді босату сырғыма түймесін төмен
қарай итеріп, триммерді ашыңыз.
3 Ұстараны қосып, триммерді ағын су астында
шайыңыз.
4 Тазалап болған соң, ұстараны өшіріңіз.
5 Артық суды сілкіп тастап, триммерді кептіріп
алыңыз.
6 Триммерді жабыңыз («сырт» ете түскенше).
279
Қазақша