Important Information Manual

Қазақша
Маңызды қауіпсіздік ақпараты -
Қосымша пайдалану құжаттамасын
Құрылғыны және оның аксессуарларын қолданбас
бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып
шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қамтамасыз етілген аксессуарлар әр түрлі өнімдер
үшін өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпті жағдайлар
- Қуат құрылғысын құрғақ ұстаңыз (сурет 1).
Абайлаңыз
- Құрылғы класс III конструкциялы (сурет 2).
- Батареяны зарядтау үшін құрылғымен берілген
алынбалы қуат көзін және зарядтау төсемесін
(қуат құрылғысы, HQ87 түрі. Зарядтау төсемесі,
HQ8509 немесе HQ8510 түрі) ғана
пайдаланыңыз.
- USB ұзартқышын қолданбаңыз.
- Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқаулар алған болса және
байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құрылғыны
8 және одан жоғары жастағы балаларға және
дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем
немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға
пайдалануға болады. Балалар құрылғымен
ойнамауы керек. Тазалау мен пайдаланушыға
техникалық қызмет көрсету қызметтерін
бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
- Құрылғыны және оның саптамаларын
пайдаланудың алдында оны әрқашан
тексеріңіз. Құрал немесе оның саптамалары
зақымдалған жағдайда пайдаланбаңыз, себебі
бұл жарақатқа себеп болуы мүмкін.
Зақымдалған бөлшекті әрдайым түпнұсқа
түрімен ауыстырыңыз.
- Қайта зарядталатын батареяны ауыстыру үшін
құрылғыны ашпаңыз.
- Зарядтау төсемесі көлікте пайдалануға
арналмаған. Бұл автоматты электрондық
жүйелерге кедергі келтіруі мүмкін.
- Егер сізде глаукома, көз жарақаты болса
немесе соңғы 12 ай ішінде көзге операция
жасалған болса, басылатын «көз айналасы»
саптамасын пайдаланбаңыз.
- Егер аллюминийге аллергияңыз болса,
басылатын «көз айналасы» саптамасын
пайдаланбаңыз.
Абайлаңыз
- Зарядтау төсемесін суға батыруға болмайды
және оны ағын судың астында шаюға
болмайды.
- Қуат розеткасына қоспай тұрып зарядтау
төсемесі толығымен құрғақ екенін тексеріңіз.
- Ұстараны 60°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға
болмайды.
- Бұл құрылғыны тек пайдаланушы
нұсқаулығында көрсетілген арнайы мақсатта
қолданыңыз.
- Қауіпсіздік себептері үшін көлік жүргізу кезінде
ұстара пайдаланбаңыз.
- Тазалық мақсатында бұл құралды тек бір адам
ғана қолдануы тиіс.
- Құралды тазалау үшін қысылған ауаны,
қыратын шүберектерді, қырғыш тазалау
құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон
сияқты сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
- Құрылғыны немесе оның кез келген бөлігін
ыдыс жуғышқа салмаңыз.
- Шайғаннан кейін су ұстарадан шығуы мүмкін.
Бұл— қалыпты жағдай және қауіпті емес,
себебі бүкіл электрондық бөлшектер ұстара
ішіндегі су өткізбейтін қуат бөлігінде
орналасқан.
- Қуат құрылғысына зақым келтірмеу үшін
электрлік ауа тазалау құралы бар қабырға
розеткалары жанында қуат құрылғысын
пайдаланбаңыз.
- Жарылған бетке, ашық жарақаттарға, жазылып
келе жатқан жарақаттарға, операциядан кейінгі
теріге немесе ауыр безеу, күнге күю, тері
инфекциясы, тері қатерлі ісігі, тітіркену, экзема,
псориаз, нейлонға аллергия, т.б. секілді тері
ауруымен немесе тері тітіркенуімен ауыратын
болсаңыз, құрылғыны пайдаланбаңыз.
- Стероидты гармоны бар дәрі-дәрмектерді
қабылдап жатсаңыз, құрылғыны қолданбаңыз.
- Бетіңізде пирсинг болса, басылатын
саптамаларды пайдаланбас бұрын оны алып
тастаңыз немесе құрылғыны пирсингке немесе
оған жақын пайдаланбайтындығыңызға көз
жеткізіңіз.
- Басылатын массаж саптамасы мен басылатын
«көз айналасы» саптамасын қолдан жасалған
тазартқыштармен, кремдермен, майлармен
немесе қатты химикаттары немесе бұжыр
бөлшектері бар косметикалық өнімдермен
пайдаланбаңыз.
- Әшекей, түйіспелі линзалар немесе көзәйнек
тақсаңыз, басылатын саптамаларды
пайдаланбас бұрын оларды алып тастаңыз
немесе құрылғыны әшекей немесе көзәйнек
үстіне немесе оларға жақын
пайдаланбайтындығыңызға көз жеткізіңіз.
- Басылатын «көз айналасы» саптамасын жеке
жайлылық параметрінің ең төменгі деңгейінде
пайдаланыңыз.
- Басылатын «көз айналасы» саптамасын
тоңазытқышқа/мұздатқышқа салмаңыз немесе
күн сәулесіне қоймаңыз, өйткені бұл теріңіз үшін
қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.
- Басылатын «көз айналасы» саптамасы көз
астындағы сүйекті аймақта пайдалануға
арналған.
- Басылатын массаж саптамасын пайдалану
барысында таңғыш киюмен, шашыңызды
буумен немесе қолмен артқа ұстаумен ешбір
шаш түсірмеуге әрекет жасаңыз.
- Басылатын массаж саптамасы жақтарға массаж
жасауға арналған.
- Басылатын массаж саптамасын жеке жайлылық
параметрінің орташа немесе ең төменгі
деңгейінде пайдаланыңыз.