User manual

KK4
3 Жұмысты
бастау
Құлаққаптызарядтау
Ескертпе
Құлаққаптарды бірінші рет пайдалану алдында
оңтайлы батарея сыйымдылығы және қызмет
көрсету мерзімі үшін батареяны 5 сағат бойы
зарядтаңыз.
Кез келген зақымды болдырмау үшін
тек түпнұсқалық USB зарядтау кабелін
пайдаланыңыз.
Қоңырауды құлаққаптарды зарядтау алдында
аяқтаңыз, өйткені құлаққаптарды зарядтау үшін
қосу құлаққаптардың қуатын өшіреді.
Жинақтағы USB зарядтау кабелін мынаған қосыңыз:
құлаққаптардағы micro USB зарядтау
слоты және;
компьютердің зарядтағыш/USB порты
Зарядтау кезінде ЖШД ақ түспен
жанады және құлаққап толығымен
зарядталғанда өшеді.
Кеңес
Дабылдың дыбыс деңгейін реттеу мүмкін
емес, бірақ сізді ақырын ояту үшін біртіндеп
жоғарылайды.
Құлаққаптымобильді
телефонменжұптастыру
Құлаққапты мобильді телефонмен бірге бірінші
рет пайдалану алдында мобильді телефонмен
жұптастырыңыз. Сәтті жұптастыру құлаққаптар
және мобильді телефон арасында бірегей
шифрланған байланысты орнатады. Құлаққап
жадта соңғы 10 құрылғыны сақтайды. 10-ден
көбірек құрылғыны жұптастыруға әрекеттенсеңіз,
ең бұрын жұптастырылған құрылғы жаңасымен
ауыстырылады.
1
Құлаққап толығымен зарядтаулы және
өшірулі екенін тексеріңіз.
2
Қосу/өшіру түймесін басып, ұстап тұрыңыз,
көк және ақ ЖШД кезекпен жыпылықтайды.
Сәтті жұптастырудан кейін көк шам
жыпылықтайды.
Құлаққап 5 минут бойы жұптастыру
режимінде қалады.
3
Мобильді телефон қосулы және оның
Bluetooth мүмкіндігі белсендірулі екенін
тексеріңіз.
4
Құлаққапты мобильді телефонмен
жұптастырыңыз. Егжей-тегжейлі ақпаратты
мобильді телефонның пайдаланушы
нұсқаулығында қараңыз.
Келесі мысалда құлаққапты мобильді телефонмен
жұптастыру жолы көрсетілген.
1
Мобильді телефонның Bluetooth мүмкіндігін
белсендіріңіз, Philips SHB3595 құрылғысын
таңдаңыз.
2
Сұралса, гарнитураның құпиясөзін «0000»
(4 нөл) енгізіңіз. Bluetooth 3.0 немесе
жоғарырақ нұсқа бар мобильді телефондар
үшін құпиясөзді енгізу керек емес.