User guide


Сіз сапар шеккенде, нәресте бақылаушысын арнайы сапар шеккенде салып қоятын дорбаға
салуыңызға болады.
Нәресте қадағалаушысын біраз уақыт бойы қолданбайтын болсаңыз, нәресте бөлігіндегі
қайта зарядталмайтын батареяларды және ата аналар бөлігіндегі қайта зарядталатын
батареяларды алып қойыңыз. Ата аналар бөлігін, нәресте бөлігін, зарядтаушыны және
адапторды салқын және кебу жерде сақтаңыз.



Нәресте бөлігіндегі қайта зарядталмайтын батареяларын тек төрт қайта зарядталмайтын 1.5V
R6 AA батареяларымен ғана алмастырыңыз.
Есте сақтаңыз: Біз сізге тек Philips қайта зарядталмайтын батареяларын ғана қолданыңыз
деп қатал кеңес береміз.

Нәресте бөлігінің адапторын тек түп нұсқалы адаптор түрімен ғана алмастырыңыз. Сіз жаңа
адапторды өзіңіздің диллеріңізден немесе Philips қызмет орталығынан тапсырыс арқылы
алуыңызға болады.
Тек Ұлы Британия: BD075040D
Басқа елдер: VD075040D


Басты құрылғыдағы батарея топтамасын тек Li-ion 1000mAh батарея топтамасымен ғана
алмастырыңыз.

Ата аналар бөлігінің зарядтаушысының адапторын тек түп нұсқалы адаптор түрімен ғана
алмастырыңыз. Сіз жаңа адапторды өзіңіздің диллеріңізден немесе Philips қызмет орталығынан
тапсырыс арқылы алуыңызға болады.
Тек Ұлыбритания: SSA-5W-09 UK 075050F
Басқа елдер: SSA-5S-09 EU 075050F

Құралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құралды арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу мақсатына
өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған айналаны сақтауға себіңізді тигізесіз (Cурет 34).
Қайта зарядталмайтын батареялар және батарея топтамаларында қоршаған айналаға
зақым тигізетін заттар бар. Қайта зарядталмайтын батареялар және батарея топтамаларын
әдеттегі үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды, оларды арнайы жинап алатын
орындарға өткізіңіз. Қайта зарядталмайтын батареялар және батарея топтамаларын тастар
және жинап алатын арнайы ресми орынға өткізер алдында орнынан алыңыз.

Егер сізге ақпарат керек болса, немесе сізде шешілмеген мәселе болса, Philips’тің интернет
бетіндегі www.philips.com веб-сайтына келіңіз, немесе өзіңіздің еліңіздегі Philips Тұтынушылар
Орталығына телефон шалсаңыз болады (ол нөмірді сіз дүние жүзі бойынша берілетін кепілдік
кітапшасынан табасыз). Сіздің еліңізде Тұтынушылар Қамқорлық Орталығы жоқ болған
-
-
-
-
-
-
-
-
 109