operation manual

3 Телефондағы * түймесін бассаңыз немесе телефонды орнына қойсаңыз, байланыс
үзіледі.
Егер нәресте бөлігі қайтадан дыбыс ұстап алса, ол алдын ала орнатылған телефон нөміріне
тағы да телефон шалады.

Есте сақтаңыз:Нәресте бөлігіне телефон шалу үшін, клавиатурасы бар тондық тәртіптегі
телефон қолданыңыз. Бұл функция пульсты тәртіп немесе айналдырып
теретін телефондармен жұмыс жасамайды.
1 Нәресте бөлігі байланыстырылған телефон желісіндегі телефон нөмірін теріңіз.
3 қоңыраудан соң нәресте бөлігі белсендіріліп, сізден PIN кодын енгізуді сұрайды.
2 PIN кодын телефондағы нөмірлі түймелерді басу арқылы енгізіңіз.
Енді сіз нәрестеңізді ести аласыз.
Есте сақтаңыз:Егер сіз PIN кодын үш мәрте қате терсеңіз, нәресте бөлігімен байланыс үзіледі.
3 Телефондағы # түймесін басып, нәрестеңізбен сөйлесіңіз.
3 минуттан соң нәресте бөлігімен байланыс үзіледі.
4 Телефондағы * түймесін бассаңыз немесе телефонды орнына қойсаңыз, байланыс
үзіледі.

Жады толып кеткенде немесе жадында сақталған телефон нөмірі дұрыс емес болса, немесе
енді қажет емес болса, астында берілген қадамдарды қолданып, нәресте бөлігінің жадында
сақталған телефон нөмірлерін өшіре аласыз.
1 M (жады) түймесін басыңыз. (Cурет 12)
Көрсеткіште M1 белгісі жымыңдап, соған сәйкес келетін телефон нөмірі пайда болады.
2 M (жады) түймесін сіз өшіргіңіз келген телефон нөмірі көрстекіште пайда болғанша баса
беріңіз.
3 0 түймесін басыңыз.
4 Клавиатурадағы С (жою) түймесін сәл ғана басыңыз. (Cурет 11)
Жады көрсеткіші (M1-M5) жымыңдай бастап, 0 белгісі көрсеткіштен жоқ болады.
Телефон нөмірі өшіріліп, жадындағы орын қайтадан бос деген сөз.
5 Басқа телефон нөмірлерін өшіру үшін де осы қадамдарды қайталаңыз.
Есте сақтаңыз:Барлық телефон нөмірлерін бірден өшіру үшін, RESET түймесін басыңыз. Барлық
басқа бағдарламалар да өшірілді. «Нәресте бөлігін қайта қосу» тармағын қараңыз.

1 Бағдарлама тәртібін енгізу үшін, PRG түймесін басыңыз.
2 Öтүймесін басыңыз.
Ö енді көрсеткіште 10 саны жымыңдай бастайды.
3 Нөмірлі клавиатура қолданып, 10 және 360 секунд аралығындағы жаңа сезімтал уақытын
енгізіңіз.
4 OK түймесін басып, бағдарламаны кұптаңыз.

Есте сақтаңыз:Егер сіз RESET қайта қосу түймесін бассаңыз, нәресте бөлігінің жадында
сақталған барлық бағдаралама өшіріледі.
,
,
-
,
,
,
 97