operation manual
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өніміңізді www.philips.com/welcome веб-бетінде тіркеңіз.
VisaCare дегеніміз не және ол теріңізге қалай көмектесе алады? Жас,
ұйқысыздық, эмоциялық күйзелу немесе қоршаған ортаның элементтері
теріңізге әсер етуі мүмкін. Терінің қартаюының бірінші белгілерін көре
бастағанда және тері енді жылдам қалпына келмесе, теріңіз қосымша
күтімді және көңіл бөлуді қажет етеді. Осы себепті біз VisaCare құрылғысын,
қартаюдың бірінші белгілерін шешетін, бүгін және ертең жас кездегідей
көрінетін теріні беретін тамаша жаңа әдісті жасадық. Теріңізге байланысты
бір рет қолданудан немесе бірнеше рет қолданудан кейін жұмсағырақ және
қалпына келген тері сияқты әсерлерді бірден алуыңыз мүмкін. Терінің беріктігі
және біркелкірек тері реңкі сияқты әсерлерді 4-6 апта ішінде алуға болады.
VisaCare үйде ыңғайлы жағдайда пайдаланып, теріні жұмсағырақ,
берігірек және қалпына келген күйге жеткізе аласыз. VisaCare бір
уақытта түлететін және уқалайтын қос әрекетті жүйесі бар. Бұл жүйе —
теріні тек қолдармен түлетуден тиімдірек және көбірек басқарылады.
Ағымдағы процедураны жақсартуға арналған VisaCare құрылғысын
теріні тазалаудан кейін және қоректік масканы, күндізгі кремді немесе
түнгі кремді жағудан бұрын пайдаланыңыз. Қолданудан кейін тері
масканы немесе кремді жақсырақ сіңіруге дайын болады. Бастауға
дайынсыз ба? Шын және көрінетін нәтижелер алу үшін VisaCare
құрылғысын үйде аптасына екі рет пайдаланыңыз.
Philips Microdermabrasion технологиясы қалай жұмыс
істейді
Philips VisaCare құрылғысы бір уақытта уқалайтын және түлететін
DualAction Air Lift & Exfoliation жүйесін ұсынады. Бұл терінің қалпына келу
процесін стимуляциялап, берігірек, жұмсағырақ және жылтыр теріні береді.
1 Түлету ұшы табиғи жасушаларды жаңарту процесін стимуляциялау
арқылы теріні жаңартады және жұмсағырақ, текстурасы анығырақ
және берігірек теріні ашады. Ол қатты, қабыршақты теріні жайлап
итеріп, теріні жақсартады және қолданудан кейін теріні таңдаулы
кремді жақсырақ сіңіруге дайындайды.
2 Air Lift System™ қан айналымын жақсартатын жұмсақ,
стимуляциялайтын массажды жасайды, әрі өлген тері жасушаларын
кетіреді және теріні қалпына келтіреді.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1 Сүзгі
2 Түлету сақинасы
3 Микродермабразияны қолдану ұшы
4 Қосу/өшіру түймесі
5 Зарядтау шамы және «төмен батарея зарядының» индикаторы
6 Сап
7 Ауа шығыс жері
8 Зарядтайтын қондырма
9 Әдеттегі қолдануға арналған «қалыпты» ұш
10 Жұмсақ қолдануға арналған «сезімтал» ұш
ҚАЗАҚША24