operation manual

8 Щетка басы кепкен кезде қылшықтарды қорғайтын қорғаныс
қақпағын пайдалана аласыз (сапар барысында немесе сақтау
мақсатында). Щетка басын басқа материалдармен жаппаңыз.
Щетка басын сапар алдында кептіріңіз.
«Қалпына келтіру массажы» басы
«Қалпына келтіру массажы» басы барлық тері түрлеріне үйлесімді.
Аптасына 2-3 рет пайдалану ұсынылады. Теріге массаж жасау
алдында бетті алғаш VisaPure Advanced құрылғысымен тазалау
ұсынылады.
3 минуттық «Қалпына келтіру массажы» бағдарламасы
Құрамында 1,5 минуттық 2 қолдану кезеңі бар. «Қалпына келтіру
массажы» басы оң жақ және сол жақ бетке қолдануға арналған. Бет
аймақтары иекті, мұрын мен жоғарғы ерін арасындағы аймақты және
көз бен құлақ арасындағы аймақтарды қамтиды.
Ескертпе: Әрбір қолдану кезеңінде қолданатын тері аймағына
оңтайландырылған айналу бағыты бар.
«Қалпына келтіру массажы» басын көз айналасындағы сезімтал
аймаққа қолданбаңыз.
«Қалпына келтіру массажы» басын пайдалану
«Қалпына келтіру массажы» басын құрғақ теріде немесе теріге крем
немесе май жаққаннан кейін пайдалануға болады.
1 Сырт (сурет 30) етіп орнына құлыпталғанша «Қалпына келтіру
массажы» басын қосқыш істікке итеріңіз.
2 Құрылғыны қосу үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз және қажетті
параметрді таңдаңыз.
Ескертпе: Басқа басы тіркелсе, құрал оны анықтайды. Дыбыстық
сигнал естіледі және жылдамдық көрсеткіші кезектесіп (сурет 31)
жыпылықтайды.
3 «Қалпына келтіру массажы» басын оң жақ бетке қойыңыз. Басты
тері арқылы мұрыннан бастап құлаққа қарай жайлап жылжытып,
осы қозғалысты (сурет 32) қайталаңыз.
88
Қазақша