operation manual
Ескертпе: Қолданыстың ыңғайлы екеніне көз жеткізу үшін басты
теріге тым қатты баспаңыз.
5 20 секундтан кейін құрал қысқа уақытқа тоқтап, беттің сол жағына
сол өңдеуді (сурет 26) жасау үшін өтуге болатынын көрсетеді.
6 Бағдарлама аяқталғанда «Балғын тері» басын сумен және
азғантай сабынмен тазалаңыз.
7 «Балғын тері» басын сақтау панелінде сақтаңыз немесе
зарядтайтын қондырмадағы құралға тіркеулі ұстаңыз. Суыту әсерін
және суыту уақытын ұзарту үшін «Балғын тері» басын
тоңазытқышта сақтауға болады. Сонымен қатар, өңдеу барысында
шамасы суыту үшін басына суық су құюға болады. Өңдеуді
жалғастыру алдында басын кептіріңіз.
«Дәл тураланатын» щетка басы
«Дәл тураланатын» щетка бастары барлық тері түрлеріне үйлесімді.
Оны күніне бір рет пайдалану ұсынылады. Егер щетка басы күніне
бірнеше рет пайдаланылса, қайта пайдалану алдында кептіріңіз.
30 секундтық «Дәл тураланатын» щетка басы
бағдарламасы
«Зерделі» басын тану мүмкіндігінің арқасында VisaPure Advanced
сабы щетка басын анықтап, реттелген бағдарламаны іске қосады.
Бағдарлама 15 секундтан тұратын 2 қолдану кезеңінен тұрады.
Мұрын немесе ауыздың оң жағынан бастаңыз. Құрылғы 15 секундтан
кейін кідірсе, мұрын немесе ауыздың сол жағына өтіңіз.
Ескертпе: Мұрын айналасын тазалау міндетті емес. Сонымен
қатар, беттің басқа қиын қол жететін аймақтарында «Дәл
тураланатын» щетка басын пайдалана аласыз.
«Дәл тураланатын» щетка басында 2 жылдамдық параметрі бар:
1-жылдамдық баяу қолданысқа арналған және 2-жылдамдық
қарқындылау қолданысқа арналған.
Ескертпе: Егер VisaPure Essential немесе Basic VisaPure құралына
«Дәл тураланатын» щетка басы тіркелсе, «Зерделі» щетка басы
анықталмайды. Үш рет 20 секундтық бағдарлама белсендіріледі.
Екі рет 20 секундтан кейін щетка басын пайдалануды тоқтатыңыз.
86
Қазақша