operation manual

Жылдамдық параметрі (тек SC527X)
Жеке ұнамдылыққа байланысты екі түрлі жылдамдық параметрлері
арасында таңдауға болады.
- Жұмсақ әрі жайлап тазалауға арналған бірінші «жұмсақ тазалау»
жылдамдығы.
- Ыңғайлы әрі қатты тазалауға арналған екінші «терең тазалау»
жылдамдығы.
Құрылғыны бірінші рет қолданған кезде 1-жылдамдық таңдауға кеңес
береміз. Теріге әсер етпесе, құралды 2-жылдамдықта пайдалануды
бастауға болады.
Тері аймағы таймері
Тері аймағы таймері құрылғыны басқа тері аймағына жылжыту
қажеттігін көрсетеді.
«Балғын тері» басы
«Балғын тері» басы барлық тері түрлеріне үйлесімді. Күніне бір рет
таңертең немесе кешке пайдалану ұсынылады.
«Балғын тері» басын пайдалану
«Балғын тері» басы бағдарламасына 20 секундтық 2 қолдану кезеңі
кіреді. «Балғын тері» басын құрғақ теріде немесе теріге крем/май
жаққаннан кейін пайдалануға болады.
1 Сырт (сурет 23) етіп орнына құлыпталғанша «Балғын тері» басын
қосқыш істікке итеріңіз.
2 Құралды қосу үшін қосу/өшіру түймесін басып, қажетті параметрді
таңдаңыз: 1-жылдамдық дірілге арналған және 2-жылдамдық
«Балғын тері» басын бұруға арналған.
Ескертпе: Басқа басы тіркелсе, құрал оны анықтайды. 2 дыбыстық
сигнал естисіз және қарқындылық параметрінің индикаторлары
кезектесіп (сурет 24) жыпылықтайды.
3 Беттің қажетті аймақтарына фокустай аласыз. Оң жақ беттен
бастау ұсынылады. Бет ортасынан құлаққа дейін толық бетті
(сурет 25) қамтумен «Балғын тері» басымен үш рет жүргізіңіз.
4 Өңдеуді маңдайдың оң жағында жалғастырыңыз. Маңдай
ортасынан самайға қарай жылжытыңыз.
85
Қазақша