operation manual
2 Щетка басын сумен ылғалдаңыз. Құрылғыны құрғақ щетка
басымен қолданбаңыз, теріні тітіркендіруі мүмкін.
3 Бетті сумен ылғалдап, оған немесе тікелей щетка басына
тазалағыш жағыңыз.
4 Щетка басын оң жақ бетке қойыңыз.
5 Құрылғыны қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін басыңыз. Құрылғы
1-жылдамдықта жұмыс істеуді бастайды. 2-жылдамдықты
пайдаланғыңыз келсе, қосу/өшіру түймесін екі рет басыңыз.
Құрылғыны өшіру үшін үш рет басыңыз немесе автоматты (сурет
13) сөнгенше күте тұрыңыз.
6 Щетка басын тері бойымен мұрыннан құлаққа (сурет 14) қарай
мұқият жылжытыңыз. Қолданудың ыңғайлы екеніне көз жеткізу
үшін щетка басын теріге тым қатты баспаңыз.
7 20 секундтан соң құрылғыны сол жақ бетке (сурет 15) жылжыту
қажеттігін хабарлау үшін ол кідіріс жасайды.
8 Щетка басын тері бойымен мұрыннан құлаққа қарай баяу
жылжытыңыз.
9 20 секундтан соң құрылғыны маңдайға жылжыту қажеттігін
хабарлау үшін ол кідіріс жасайды. Щетка басын сол жақтан оң
жаққа (сурет 16) баяу жылжытыңыз.
Ескертпе: Тазартуды қайта жасамауға және қандай да бір аймақты
20 секундтан ұзақ тазартпауға кеңес беріледі.
10 Қолданған соң бетті жуып, құрғатыңыз. Бетіңіз енді күнделікті тері
күтімі режимінің келесі қадамына дайын.
11 Щетка басын сумен және жұмсақ сабынмен тазартыңыз.
Тазалау
Құралды тазалау үшін абразивті қабаты бар ысқыштарды, абразивті
тазалау құралдарын немесе бензин не ацетон сияқты ерітінділерді
пайдалануға болмайды.
Құрылғыны және щетка басын тазалау
Тазалауды бастамас бұрын құрылғының өшіріліп тұрғанына көз
жеткізіңіз. Құрылғы мен щетка басын оңтайлы өнімділікті қамтамасыз
83
Қазақша