operation manual

Пайдалануға дайындау
Аккумулятор батареясын зарядтау
Ескертпе: Құралды пайдалану алдында зарядтаңыз.
Құралды алғаш зарядтауға шамамен 6 сағат уақыт жұмсалады.
Толығымен зарядталған құралды белгілі бір саптаманы ұсынылған
қолданысқа сәйкес кемінде 1 апта зарядтаусыз пайдалануға болады.
1 Құрылғының өшірілгенін тексеріңіз.
2 Зарядтау тұғырының (сурет 4) розеткасына шағын ашаны кіргізіңіз.
Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз.
3 Қорғаныс қақпағын (сурет 5) алыңыз.
4 Құрылғыны зарядтайтын қондырмасына тігінен орнатыңыз, дұрыс
(сурет 6) орналастырылғанын тексеріңіз.
5 Заряд шамы ақ түспен жыпылықтап құралдың зарядталып
жатқанын білдіреді. Батарея толық зарядталғанда, зарядтау шамы
30 минут (сурет 7) үздіксіз ақ түсте жанып тұрады.
Батарея төмен деген көрсеткіш
Батарея заряды таусылуға жақындағанда зарядтау шамы қызғылт
сары түсте жыпылықтайды. Батарея энергиясы толық өңдеуге (сурет
8) жеткілікті. Батарея толығымен таусылған кезде батарея зарядының
көрсеткіші қызғылт сары түсте тез жыпылықтайды.
Саптаманы тамаша қолдану реті
Оңтайлы нәтижелер алу үшін, Visapure құралына арналған саптаманы
тамаша қолдану ретін ұстаныңыз:
SC5320, SC5340, SC5360, SC5363, SC5370:
1 «Қалыпты» щетка басы / «Зерделі, сезімтал» щетка басы (тек
SC5363)
2 «Қалпына келтіру массажы» басы
3 «Көз айналасы» басы (тек SC5360, SC5363, SC5370)
SC5371:
1 «Тері тесіктерін терең тазалау» щетка басы
2 «Дәл тураланатын» щетка басы
80
Қазақша