operation manual

- Балғын тері саптамасы жақ пен маңдай аймағында пайдалануға
арналған. Балғын тері саптамасын көз дөңгелегіне, көз қабағына
немесе көзге жақын қоймаңыз.
- «Қалпына келтіру массажы» басы жақтарға массаж жасауға
арналған.
- Саптамалардың бірі зақымдалған немесе бұзылған болса,
жарақаттарды болдырмау үшін оны пайдаланбаңыз.
- «Дәл тураланған» щетка басы мұрын мен иек айналасындағы ғана
қиын қол жететін аймақтарды тазалауға арналған.
- «Дәл тураланатын» щетка басын көз айналасында
пайдаланбаңыз.
- «Дәл тураланатын» щетка басы еріндерге, құлақ ішіне немесе
мұрын ішіне пайдаланбаңыз.
- Мұрын аймағын әр ем сайын ғана «Дәл тураланатын» щетка
басымен тазалаңыз. Егер «Дәл тураланатын» щетка
пайдаланылса, мұрынды жүйелі щетка бастарының бірімен
тазаламаңыз.
- «Дәл тураланатын» щетка басын құрғақ теріге немесе ашық
жараларға пайдаланбаңыз.
Жалпы ақпарат
- Тері күйінің жыл сайын өзгеретінін ескеріңіз. Қысқы маусымда бет
терісі құрғақ болуы мүмкін. Бұндай жағдайда тері қажеттіліктеріне
байланысты өңдеу уақытын немесе жиілігін қысқарта аласыз.
- Құралмен жүйелі тазалау оңтайлы нәтижелерді және құралдың
ұзақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
- Бұл құрылғы халықаралық мақұлданған IEC қауіпсіздік
ережелеріне сәйкес келеді, сондықтан ваннада немесе душта
қолдануға және ағын сумен жууға болады.
- Құрылғыда кернеудің автоматты таңдағышы бар, сондықтан,
кернеуі 100 және 240 вольт аралығындағы розеткаларға жалғауға
болады.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық
қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
79
Қазақша