operation manual

- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе
құрылғыны пайдалану нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау
қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ білімі мен
тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны
қолданбауы керек.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
- Қысқа тұйықталуды болдырмау үшін құрылғының ашасына
арналған ұяшыққа металлды қамтитын затты кіргізбеңіз.
- Құралды пайдаланудың алдында оны әрқашан тексеріңіз.
Зақымдалған құрылғыны, саптамаларды немесе қуат құрылғысын
қолданбаңыз, себебі жарақатқа себеп болуы мүмкін. Зақымдалған
бөлшекті әрдайым түпнұсқа түрімен ауыстырыңыз.
- Жарылған бетке, ашық жарақаттарға, жазылып келе жатқан
жарақаттарға, операциядан кейінгі теріге немесе ауыр безеу, күнге
күю, тері инфекциясы, тері қатерлі ісігі, тітіркену, экзема, псориаз,
т.б. секілді тері ауруымен немесе тері тітіркенуімен ауыратын
болсаңыз, құрылғыны пайдаланбаңыз.
- Стероидты гармоны бар дәрі-дәрмектерді қабылдап жатсаңыз,
құрылғыны қолданбаңыз.
- Егер сізде глаукома, көз жарақаты болса немесе соңғы 12 ай
ішінде көзге операция жасалған болса, «Көз айналасы» басын
және «Балғын тері» басын пайдаланбаңыз.
- Алюминийге аллергияңыз болса, «Көз айналасы» басын және
«Балғын тері» басын пайдаланбаңыз.
- Тоңазытқышқа ешбір саптаманы салмаңыз, өйткені бұл теріңіз
үшін қауіпті жағдай тудыруы мүмкін.
- Айналмалы бөліктеріне шаштың қысылуын болдырмау үшін, шаш
таспасын немесе шаш қысқыштарын пайдаланыңыз.
Абайлаңыз
- Осы пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған тек Philips
компаниясының VisaPure саптамаларын пайдаланыңыз.
- Гигиеналық жағдайларға байланысты құрылғыны және бастарды
басқа адамдармен ортақ қолданбауға кеңес береміз.
- Құрылғыны душқа түсетін судан ыстық (ең көбі 40°C/104°F) сумен
жумаңыз.
77
Қазақша