operation manual

аза ша
Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips
компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық
пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
VisaPure Advanced құрылғысымен жарқын, қалпына келген және
балғын терінің көптеген артықшылықтарына ие боласыз. «Зерделі»
басын тану мүмкіндігінің арқасында құрылғы басыңыздың пішінін
анықтап, айналдыру және дірілдету деңгейлерін анықтайтын
реттелетін DualMotion бағдарламасын автоматты түрде іске қосады.
Ол тері күтімінің керемет нәтижесіне ие болатыныңызды білдіреді!
VisaPure Advanced құрылғысы тері күтімі режиміңізбен оңай біріктіруге
болатын бастардың әр алуан жиынтығымен келеді. Барлық щетка
бастарын тазарту құралдары, кремдер, майлар және іркіт секілді тері
күтімі өнімдерімен пайдалануға болады. Бұл пайдаланушы
нұсқаулығында өнімді пайдалану және онымен теріні тазарту әдісі
туралы мәліметтер қамтылған.
Тазарту не үшін керек?
Тазалау — күнделікті бет күтімі үрдісіндегі маңызды бөлік. VisaPure
Advanced құрылғысы қолмен тазартумен салыстырғанда теріні 10 есе
жақсы тазартады*. Ол теріні толығымен тазартып, өлі тері ұялары
мен макияжды тазалайды. VisaPure Advanced құрылғысын
пайдаланған соң тері күтіміне арналған өнімдеріңіз жақсырақ сіңеді.
Сондықтан теріңіз таза әрі жұмсақ болады.
* 2011 ж. Нидерландта 21 әйел адамға ішкі зерттеу жұмысы жүргізілді.
Жалпы сипаттама (1-сурет)
1 Сап
2 Зарядталып жатқандығын және батареясы аз екендігін білдіретін
жарық
3 Жылдам көрсеткіш
-
Бірінші жылдамдық: жұмсақ тазалау
-
Екінші жылдамдық: терең тазалау
4 Қосу/өшіру түймесі
5 Қосқыш істік
6 Зарядтау істіктері
75
Қазақша