User manual
Table Of Contents
- Мазмұны
- Жалпы сипаттама
- Кіріспе - Ұстараңызды анықтау
- A суреті
- B суреті
- Маңызды қауіпсіздік ақпараты
- Дисплейдегі белгішелер нені білдіреді? (A суреті)
- Дисплейдегі белгішелер нені білдіреді? (B суреті)
- Бас мәзір (A мәзірі)
- Бас мәзір (B мәзірі)
- Ұстара мен смартфонымды қалай жалғай аламын? (A суреті)
- Ұстара мен смартфонымды қалай жалғай аламын? (B суреті)
- Ұстарам маған не айтып жатыр? (A суреті)
- Ұстарам маған не айтып жатыр? (B суреті)
- Құралымды қалай зарядтай аламын?
- Құрал мен саптамаларымды қалай пайдалана аламын?
- Құрал мен саптамаларымды қалай тазалаймын?
- Сақтау
- Қыратын бастарын қалай ауыстыра аламын?
- Керек-жарақтарға тапсырыс беру
- Ақаулықтарды жою
- Қосымша нұсқаулық
- Өңдеу
- Сауда белгілері
31
Қазақша
Қозғалысты басқару датчигінің кері байланысы
- Қырыну қозғалысын жақсарту мүмкін болғанда,
леп белгісімен бірге «Қозғалысты басқару
датчигі» белгішесі шығады.
- Қырыну кезінде қолданылатын қысым да,
қозғалыс та қолайлы болған кезде, екі белгіше
құсбелгісімен көрсетіледі.
Ұстарам маған не айтып жатыр? (B суреті)
Шам сақинасының кері байланысы
Қырыну кезінде ұстара сабының үстіндегі шам
сақинасы арқылы қанша қысым қолданылып жатқаны
туралы кері байланыс аласыз.
Сізге қанша қысым қолданылып жатқаны туралы кері
байланыс беру үшін қырыну кезінде саптағы шам
сақинасы әртүрлі түстерде жанады. Бұл мүмкіндік
әдепкі бойынша белсенді.
- Жеткілікті қысым қолданбаған кезде шам
сақина көк түсте жанады.
- Дұрыс қысым шамасын қолданған кезде шам
сақинасы жасыл түсте жанады.
- Тым көп қысым қолданған кезде шам сақинасы
қызғылт сары түсте жанады.