User manual

Table Of Contents
21
Қазақша
- Bluetooth
Бұл мәзір элементінен ұстара мен смартфонды
жұптастыруды тоқтатуға болады.
Ұстара мен смартфонды жұптастыру
артықшылықтары туралы ақпаратты «Ұстараны
қолданбаға қосу артықшылықтары» бөлімінен
қараңыз.
Ескертпе: Смартфон Bluetooth® 4.2 немесе одан
кейінгі функциясымен жабдықталғанын тексеріңіз.
Бұл ұстара қолданбаға қосылуы үшін Bluetooth®
4.2 және одан кейінгі функциясымен
жабдықталған. Ұстара мен смартфонды
жұптастырған кезде, тіпті ұстара өшкен кезде
ұстарадағы Bluetooth функциясы автоматты түрде
қосылады. Бұл қырыну деректеріңізді кейінірек
синхрондауға мүмкіндік береді, сол себепті
қырынған кезде смартфоныңызды бірге алудың
керегі жоқ.
Ескертпе: Сапар құлпын белсендіру арқылы
ұстарада Bluetooth функциясын өшіре аласыз.
Бас мәзір (B мәзірі)
Мәзір түймесін басу арқылы мәзір функцияларын
ауыстыруға болады.
Қалған батарея заряды
Бұл мәзір элементі батареяның қалған зарядын
көрсетеді.