User manual

Table Of Contents
38
Қазақша
Сақал сәндегіш саптаманы тарақсыз қолдану
Сақалыңызды, мұртыңызды, жақ сақалды немесе иек
астын 0,5мм ұзындыққа тегістеу үшін сақал сәндегіш
саптамасын тарақсыз пайдалануға болады.
1
Сақал сәндегіш саптаманың тарағын тартып
шығарып алыңыз.
Ескертпе: Сақал сәндегіш саптамасын тартып
шығару үшін тарақты ортада ұстаңыз. Тарақты
бүйір жақтарынан тартпаңыз.
2
Құрылғыны қосыңыз.
3
Сақал сәндегіш саптамасын теріге перпендикуляр
ұстап, құрылғыны шамалы қысыммен төмен
жылжытыңыз.
4
Құралды өшіріп, саптаманы әр қолданыстан кейін
тазалаңыз.
Тазалау щеткасының саптамасын пайдалану
Май мен шаңды кетіру үшін тазалау щеткасын
күнделікті тазалау кремімен пайдаланыңыз.
Бұны аптасына ең көбі бір рет пайдалану ұсынылады.
Абайлаңыз: Құрылғыны зақымдалған немесе
тітіркенген теріге немесе жараға пайдаланбаңыз.
1
Қыратын басын немесе басқа саптаманы сабынан
алу үшін бұрап, тазалау щеткасының саптамасын
сабына басыңыз.
2
Тазалау щеткасын сумен сулаңыз.
Тазалау щеткасын құрғақ күйінде пайдаланбаңыз,
себебі бұл теріні тітіркендіруі мүмкін.
3
Бетті сумен ылғалдап, оған тазартқыш құралды
жағыңыз.
4
Тазалау щеткасын бетке қойыңыз.
5
Құрылғыны қосыңыз.
6
Щетканы тері бойымен мұрыннан құлаққа қарай
мұқият жылжытыңыз. Тым қатты итермеңіз.
Қолданыс ыңғайлы болып қалғанын тексеріңіз.
Көз айналасындағы сезгіш аймақты тазаламаңыз.