User manual

Table Of Contents
31
Қазақша
Қозғалысты басқару датчигінің кері байланысы
- Қырыну қозғалысын жақсарту мүмкін болғанда,
леп белгісімен бірге «Қозғалысты басқару
датчигі» белгішесі шығады.
- Қырыну кезінде қолданылатын қысым да,
қозғалыс та қолайлы болған кезде, екі белгіше
құсбелгісімен көрсетіледі.
Ұстарам маған не айтып жатыр? (B суреті)
Шам сақинасының кері байланысы
Қырыну кезінде ұстара сабының үстіндегі шам
сақинасы арқылы қанша қысым қолданылып жатқаны
туралы кері байланыс аласыз.
Сізге қанша қысым қолданылып жатқаны туралы кері
байланыс беру үшін қырыну кезінде саптағы шам
сақинасы әртүрлі түстерде жанады. Бұл мүмкіндік
әдепкі бойынша белсенді.
- Жеткілікті қысым қолданбаған кезде шам
сақина көк түсте жанады.
- Дұрыс қысым шамасын қолданған кезде шам
сақинасы жасыл түсте жанады.
- Тым көп қысым қолданған кезде шам сақинасы
қызғылт сары түсте жанады.