User manual

Table Of Contents
25
Қазақша
2
Қолданба автоматты қосылып, соңғы
қырынуларды синхрондайды.
Ұстара мен смартфонды жұптастыруды тоқтату
Бір уақытта ұстараны тек бір смартфонмен
жұптастыра аласыз. Ұстараны смартфоныңыздан
ажырату үшін (мысалы, жаңа смартфон алған кезде)
мына қадамдарды орындаңыз:
- Алдымен ұстараны жұптастыруды тоқтатыңыз.
1
Bluetooth мәзіріне жеткенше мәзір түймесін басу
арқылы мәзір элементтерін ауыстырып қосыңыз.
2
Айқас және құсбелгі таңдауы көрсетілгенше мәзір
түймесін басып тұрыңыз.
3
Ұстараны жұптастыруды тоқтату үшін мәзір
түймесін қайта басу арқылы құсбелгіні таңдаңыз.
Ескертпе: Ұстара ажыратылған соң, сол жақта
көрсетілген ұстара сабынан Bluetooth белгішесін
көресіз.
Ескертпе: Ұстара мен смартфонды қайта жұптастыру
қажет болғанда, алдымен екеуін жұптастыру
тоқтатылғанына көз жеткізіңіз.
- Одан кейін смартфоныңызды жұптастыруды
тоқтатыңыз.
1
Смартфонда параметрлерге өтіп, Bluetooth
параметрін таңдаңыз.
2
Ұстара атын түртіңіз.
3
«Ұмытпау» немесе «жұптастыруды тоқтату»
түймесін түртіңіз.
Ескертпе: Смартфонға байланысты жұптастыруды
тоқтату процедурасы әртүрлі болуы мүмкін.