User manual

Table Of Contents
23
Қазақша
Ескертпе: Сапқа қыратын бөлігін тіркеген кезде ғана
шам сақинасының кері байланысы қолжетімді.
Bluetooth
Ескертпе: Ұстара смартфонмен жұптасқан кезде ғана
Bluetooth мәзірі көрсетіледі.
Мұнда ұстара мен смартфон жұптастыруды тоқтатуға
болады. Ұстара мен смартфонды жұптастыру
артықшылықтары туралы мәліметті «Ұстараны
қолданбаға қосу артықшылықтары» бөлімінен
қараңыз.
Ескертпе: Смартфон Bluetooth® 4.2 немесе одан
кейінгі функциясымен жабдықталғанын тексеріңіз.
Бұл ұстара қолданбаға қосылуы үшін Bluetooth®
4.2 және одан кейінгі функциясымен
жабдықталған. Ұстара мен смартфонды
жұптастырған кезде, тіпті ұстара өшкен кезде
ұстарадағы Bluetooth функциясы автоматты түрде
қосылады. Бұл қырыну деректеріңізді кейінірек
синхрондауға мүмкіндік береді, сол себепті
қырынған кезде смартфоныңызды бірге алудың
керегі жоқ.
Ескертпе: Сапар құлпын белсендіру арқылы
ұстарада Bluetooth функциясын өшіре аласыз.
Ұстара мен смартфонымды қалай жалғай аламын?
(A суреті)
Ұстараны қолданбаға қосу артықшылықтары
Қолданбаны пайдалану жолдары:
- Нақты уақыттағы қозғалыс және қысым кері
байланысы және нұсқаулық алу,
- Қырынудан кейінгі кері байланысты белсендіру
және реттеу,
- Қырыну деректерін синхрондау және қырыну
тарихын бақылау,
- Қырыну процедурасын жақсарту және қырынуға
қатысты тері мәселелерін азайту,
- Стильге қатысты жекелендірілген кеңес пен
ұсыныстар алу.