User manual
Table Of Contents
- Мазмұны
- Жалпы сипаттама
- Кіріспе - Ұстараңызды анықтау
- A суреті
- B суреті
- Маңызды қауіпсіздік ақпараты
- Дисплейдегі белгішелер нені білдіреді? (A суреті)
- Дисплейдегі белгішелер нені білдіреді? (B суреті)
- Бас мәзір (A мәзірі)
- Бас мәзір (B мәзірі)
- Ұстара мен смартфонымды қалай жалғай аламын? (A суреті)
- Ұстара мен смартфонымды қалай жалғай аламын? (B суреті)
- Ұстарам маған не айтып жатыр? (A суреті)
- Ұстарам маған не айтып жатыр? (B суреті)
- Құралымды қалай зарядтай аламын?
- Құрал мен саптамаларымды қалай пайдалана аламын?
- Құрал мен саптамаларымды қалай тазалаймын?
- Сақтау
- Қыратын бастарын қалай ауыстыра аламын?
- Керек-жарақтарға тапсырыс беру
- Ақаулықтарды жою
- Қосымша нұсқаулық
- Өңдеу
- Сауда белгілері
22
Қазақша
Қырынудан кейінгі кері байланыс
Ескертпе: Қолданба параметрлері арқылы осы
мүмкіндікті белсендіргеннен кейін ғана осы мәзір
көрсетіледі.
Дұрыс қозғалыс пен қысым шамасын қолдану арқылы
қырыну тәжірибеңізді оңтайландыра аласыз. Бұл
элемент соңғы қырынуыңыздың жұлдызша
рейтингісін көрсетеді. Ол қырыну кезінде сіз
қолданған қысым мен қозғалыстың жақсы болғанын
немесе жақсартуға болатынын көрсетеді.
Сапар құлпы
Сапарға шыққан кезде кездейсоқ қосылуын алдын алу
үшін ұстараны құлыптауға болады. Бұл мәзірде
ұстараны құлыптау немесе құлыптан босату үшін
мәзір түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Сапар құлпы
іске қосылғанда, Bluetooth автоматты түрде өшеді
және ұстара қуат үнемдеу режимінде болады.
Шам сақинасын қосу/өшіру
Қырыну кезінде ұстара сабының үстіндегі шам
сақинасы арқылы қанша қысым қолданылып жатқаны
туралы кері байланыс аласыз.
Шам сақинасы әдепкі бойынша белсенді. Оны өшіруге
немесе қайта белсендіруге болады.
Шам сақинасының кері байланысын өшіру үшін,
1
«Шамды қосу» мәзіріне жеткенше мәзір түймесін
басу арқылы мәзір элементтерін ауыстырып
қосыңыз.
2
«Шамды қосу» мәзірінде болған кезде, дисплейде
«Шамды өшіру» параметрі көрінгенше мәзір
түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.
Шам сақинасының кері байланысын қайта
белсендіру үшін,
1
«Шамды өшіру» мәзіріне жеткенше мәзір түймесін
басу арқылы мәзір элементтерін ауыстырып
қосыңыз.
2
«Шамды өшіру» мәзірінде болған кезде,
дисплейде «Шамды қосу» параметрі көрінгенше
мәзір түймесін 3 секунд басып тұрыңыз.