User manual

Table Of Contents
14
Қазақша
- Өнімді тек 5°C және 35°C аралығындағы
температурада зарядтаңыз, қолданыңыз және
сақтаңыз.
- Өнім мен батареяларды өрттен сақтаңыз және
тікелей күн сәулесі немесе жоғары температура
әсеріне ұшыратуға болмайды.
- Өнім қатты қызып кетсе немесе иіс шықса, түсі
өзгерсе немесе зарядтау бұрынғыдан да ұзақ уақыт
алса, өнімді пайдалану мен зарядтауды тоқтатып,
Philips компаниясына хабарласыңыз.
- Өнімдерді және батареяларын микротолқынды
пештерге немесе индукциялық плитаға салуға
болмайды.
- Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті
заттардың шығуынан қорғау үшін өнімді немесе
батареяны ашуға, өзгертуге, тесуге, зақымдауға
немесе бөлшектеуге болмайды. Батареяларды
қысқа тұйықтауға, артық зарядтауға немесе кері
күйде зарядтауға болмайды.
- Батареялар зақымдалса немесе кемісе, теріге
немесе көзге тигізбеңіз. Осы орын алса, бірден
сумен жақсылап шайып, медициналық көмекке
жүгініңіз.
Philips Quick Clean Pod картридж сұйықтығы
- Балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Жұтушы болмаңыз.
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге
қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен
ережелерге сәйкес келеді.
Радио жабдығының директивасы
- S9000 сериялық құрылғылары 2-класты Bluetooth
функциясымен жабдықталған.
- Bluetooth қосулы S9000 сериялық құрылғылары
жұмыс істейтін жиілік ауқымы: 2,4ГГц.
- S9000 сериялық құрылғылары істейтін жиілік
ауқымында шығарылатын максималды радио
жиілік қуаты 20 дБм-ден кем.