User manual

Table Of Contents
12
Қазақша
Маңызды қауіпсіздік ақпараты
Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді
және оның батареялары мен аксессуарларын
қолданбас бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият
оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап
қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауіптерге немесе ауыр
жарақаттарға әкелуі мүмкін. Қамтамасыз етілген
аксессуарлар әртүрлі өнімдер үшін өзгеше болуы
мүмкін.
Абайлаңыз
- Қуат құралы мен зарядтау тұғырын құрақ сақтаңыз.
- Бұл ұстара су өткізбейді. Ваннада немесе душта
және ағын су астында тазалауға үйлесімді.
Қауіпсіздік себептері үшін ұстараны тек сымсыз
пайдалануға болады.
- Қуат құралын өзгертуге болмайды.
- Бақылау астында болса не құрылғыны қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқаулар алған болса және
байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құрылғыны 8
және одан жоғары жастағы балаларға және дене,
сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе
тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға пайдалануға
болады. Балалар құрылғымен ойнамауы керек.
Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет
көрсету қызметтерін бақылаусыз балаларға
орындауға болмайды.
- Құралды сумен тазалар алдында оны розеткадан
ажыратыңыз.
- Зақымдалған құралды қолдануға болмайды.
Зақымдалған бөлшектерді жаңа Philips
бөлшектерімен ауыстырыңыз.