User manual

Зарядтау
- Зарядтау шамамен 1 сағат алады.
Ескертпе: Бұл құрылғыны тек сымсыз пайдалануға болады.
- Ұстара желіге қосылған болса, дыбыс естіледі. Алдымен төменгі
шам ақ түспен жыпылықтайды да, үздіксіз жанады. Одан кейін екінші
шам жыпылықтайды да, үздіксіз жанады, осылайша ұстара толығымен
зарядталғанша жалғасады.
- Жылдам зарядтау: төменгі шам жыпылықтауын тоқтатып, үздіксіз
жанғанда, ұстарада бір қырынуға жеткілікті заряд болады.
Батарея толығымен зарядталды
Ескертпе: Бұл құрылғыны тек сымсыз пайдалануға болады.
Ескертпе: Батарея заряды толғанда дисплей 30 минуттан кейін
автоматты түрде өшеді. Зарядтау кезінде немесе зарядталғаннан
кейін қосу/өшіру түймесін бассаңыз, ұстара әлі желіге қосылғанын
білдіретін дыбыс естіледі.
- Батарея толығымен зарядталғанда батарея заряды индикаторының
барлық шамдары үздіксіз жанады.
Батарея заряды аз
- Батарея заряды таусылуға жақын болса, төменгі шам қызғылт сары
түспен жыпылықтайды және дыбыс естіледі.
Батареяда қалған заряд деңгейі
- Батареяда қалған заряд деңгейі үздіксіз жанатын батарея заряды
индикаторының шамдарымен көрсетіледі.
Тазалау туралы еске салғыш
Жақсылап қырыну үшін, ұстараны әр қолданған сайын тазалап отыру
керек.
- Ұстараны өшіргенде тазалау туралы еске салғыш
жыпылықтап, ұстараны тазалау туралы еске салады.
ҚАЗАҚША110