User manual

Table Of Contents
Хабарландыру таңбасы
Ұстара хабарландыру таңбасымен жабдықталған.
Қолданбада сіз үшін маңызды хабар болған кезде
хабарландыру таңбасы жанады. Ол жанған кезде
жай ғана смартфонда қолданбаны ашып, қолданба
сізге берген оңай кеңестерді қолданыңыз.
Қосымша қолдау керек болса,
www.philips.com/support сайтына кіріңіз.
Ұстара мен смартфонды жұптастыруды тоқтату
Бір уақытта ұстараны тек бір смартфонмен
жұптастыра аласыз. Ұстараны смартфоныңыздан
ажырату үшін (мысалы, жаңа смартфон алған
кезде) мына қадамдарды орындаңыз:
Ұстараны жұптастыруды тоқтату: ұстара мен
қолданба арасындағы байланысты жою үшін
саптағы қосу/өшіру түймесін шамамен 10 секунд
басып тұрыңыз.
Ескертпе: Хабарландыру тақтасы 4 рет қысқа
уақыт жанған кезде жұптастыруды тоқтату сәтті
болады.
Смартфоныңызды жұптастыруды тоқтату:
1 Смартфонда параметрлерге өтіп, Bluetooth
параметрін таңдаңыз.
2 Ұстара атын түртіңіз.
3 «Ұмытпау» немесе «жұптастыруды тоқтату»
түймесін түртіңіз.
Ескертпе: Смартфонға байланысты
жұптастыруды тоқтату процедурасы әртүрлі
болуы мүмкін. Қосымша ақпаратты смартфон
нұсқаулығынан қараңыз.
Қыратын бастарын қалай ауыстыра аламын?
Жақсылап қырыну үшін қыратын бастарын әр екі
жыл сайын ауыстырып отыруды ұсынамыз.
30
Қазақша