User manual

Table Of Contents
қалыпты жағдай. Теріңіз жаңа қырыну жүйесіне
бейімделу үшін уақыт керек.
Қолданба берген кеңесті қолданып, теріңіз жаңа
ұстараға бейімделуі үшін осы ұстарамен 3-4 апта
бойы тұрақты (кемінде аптасына 3 рет) қырыңыз.
Тазалау туралы еске салғыш
Құралды өшірген кезде тазалау туралы еске
салғыш жыпылықтап, құралды тазалау туралы еске
салады.
- Құрал мен саптамалардың бітелуін және
зақымдалуын болдырмас үшін әр қолданыстан
кейін тазалаңыз.
- Қыратын бастарын айына бір рет немесе құрал
жақсы қырмаған жағдайда дұрыстап тазалаңыз.
Қырынуларды синхрондау
Бұл ұстара қырыну деректеріңізді сақтап, сол
себепті қырынған кезде смартфоныңызды бірге
алудың керегі жоқ.
Деректерді сақтау орны толуға жақындағанда
хабарландыру таңбасы жыпылықтайды.
Деректерді жоғалтпас үшін ұстараны қолданбамен
синхрондаңыз.
1 Сіз ұстараға жақын екеніңізді тексеріп,
қолданбаны ашыңыз.
2 Қолданба автоматты қосылып, соңғы
қырынуларды синхрондайды.
Тегістеу
Мұрт пен жақ сақалды тегістеу үшін, триммерді
қолдануға болады.
14
Қазақша