Important Information Manual

- Бұл құрылғыны кардиостимуляторлардан және басқа медициналық құрылғылардан
кемінде 20 см алыс ұстаңыз. Радио толқындары кардиостимуляторлар мен басқа
медициналық құрылғылар жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Батареяның қауіпсіздік нұсқаулары
- Бұл өнімді осы пайдаланушы нұсқаулығында сипатталғандай тек осы арнайы
мақсатына пайдаланыңыз және жалпы және батарея қауіпсіздігі нұсқауларын
орындаңыз. Бұрыс пайдалану электр тоғын соғуға, күйікке, өртке және басқа
қауіптерге немесе жарақаттарға себеп болуы мүмкін.
- Батареяны зарядтау үшін өніммен берілген алынбалы қуат құрылғысын ғана
(HQ8505) пайдаланыңыз. Ұзартқышты қолданбаңыз.
- Өнімді тек 5 °C және 35 °C аралығындағы температурада зарядтаңыз,
қолданыңыз және сақтаңыз.
- Өнім толығымен зарядталған кезде оны үнемі розеткадан ажыратыңыз.
- Өнімдер мен батареяларын жағуға болмайды және оларды тікелей күн
сәулесі немесе жоғары температура әсеріне ұшыратуға болмайды (мысалы,
ыстық көліктердің іші немесе ыстық пештердің жаны). Батареялар шамадан
тыс қызып кетсе, жарылып кетуі мүмкін.
- Өнім қатты қызып кетсе, жағымсыз иіс шықса, түсі өзгерсе немесе зарядтау
бұрынғыдан да ұзақ уақыт алса, өнімді пайдалану мен зарядтауды тоқтатып,
жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.
- Өнімдерді және батареяларын микротолқынды пештерге немесе
индукциялық плитаға салуға болмайды.
- Бұл өнімде ауыстырылмайтын, қайта зарядталатын батарея бар. Қайта
зарядталатын батареяны ауыстыру үшін өнімді ашпаңыз.
- Батареяларды қолданған кезде қолыңыз, өнім және батареялар құрған
екендігіне көз жеткізіңіз.
- Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті заттардың шығуынан
болдырмау үшін өнімдер мен батареяларды өзгертуге, тесуге немесе
зақымдауға болмайды және батареяларды бөлшектеуге, қысқа тұйықтауға,
артық зарядтауға немесе кері зарядтауға болмайды.
- Батареяларды алғаннан кейін кездейсоқ қысқа тұйықталуын болдырмау
үшін батарея клеммаларының металл нысанмен (мысалы, тиындар,
қыстырғыштар, сақиналар) байланысуына мүмкіндік бермеңіз. Батареяларды
алюминий фольгаға орауға болмайды. Батарея клеммаларын қоқысқа тастау
алдында орауға немесе пластик қалтаға салуға болмайды.
- Батареялар зақымдалса немесе кемісе, теріге немесе көзге тигізбеңіз. Осы
орын алса, бірден сумен жақсылап шайып, медициналық көмекке жүгініңіз.
Қазақша
141