Important Information Manual

- Құралды тазалау үшін қысылған ауаны, қыратын шүберектерді,
қырғыш тазалау құралдарын, сондай-ақ бензин немесе ацетон сияқты
сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
- Ұстарада тазалау жүйесі болса, әрқашан түпнұсқа Philips Quick Clean Pod
картриджін пайдаланыңыз.
- Су ағып кетпеуі үшін тазалау жүйесін әрдайым тұрақты, тегіс және көлбеу
жерге қойыңыз.
- Тазалау жүйесін пайдаланбастан бұрын, әрдайым кардридж бөлімінің жабық
тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Тазалау жүйесі қолдануға дайын болғанда тазалау сұйықтығы ағып кетпеу
үшін оны қозғалтуға болмайды.
- Сіз ұстараны шайып жатқанда оның астындағы тесіктен су тамшылауы
мүмкін. Бұл — қалыпты жағдай және қауіпті емес, себебі бүкіл электрондық
бөлшектер ұстара ішіндегі су өткізбейтін қуат бөлігінде орналасқан.
- Қуат құрылғысына зақым келтірмеу үшін электрлік ауа тазалау құралы бар
қабырға розеткалары жанында қуат құрылғысын пайдаланбаңыз.
- Жарылған бетке, ашық жарақаттарға, жазылып келе жатқан жарақаттарға,
операциядан кейінгі теріге немесе ауыр безеу, күнге күю, тері инфекциясы,
тері қатерлі ісігі, тітіркену, экзема, псориаз, нейлонға аллергия, т.б. секілді
тері ауруымен немесе тері тітіркенуімен ауыратын болсаңыз, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
- Егер сіз стероидты препараттарды қабылдаған болсаңыз, тазалағыш щеткаларды
қолданбаңыз, себебі ол тітіркенуге немесе жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
- Бетіңізде пирсинг болса, басылатын саптамаларды пайдаланбас бұрын
оны алып тастаңыз немесе құрылғыны пирсингке немесе оған жақын
пайдаланбайтындығыңызға көз жеткізіңіз.
- Әшекей, түйіспелі линзалар немесе көзәйнек тақсаңыз, басылатын саптамаларды
пайдаланбас бұрын оларды алып тастаңыз немесе құрылғыны әшекей немесе
көзәйнек үстіне немесе оларға жақын пайдаланбайтындығыңызға көз жеткізіңіз.
- Смартфонды суға және ылғалды орталарға жақын қолданған кезде абай болыңыз.
- Bluetooth® құрылғысының қысқа толқынды радио жиілігі сигналдары
басқа электрондық және медициналық құрылғылар жұмысына кедергі
келтіруі мүмкін.
- Bluetooth құрылғысын тыйым салынған жерде өшіріңіз.
- Құрылғыны медициналық мекемелерде, ұшақта, жанармай құю бекеттерінде,
автоматты есіктерге, автоматты өрт дабылдарына немесе басқа автоматты
басқарылатын құрылғыларға жақын пайдалануға болмайды.
Қазақша
140